Сарапшы пікірі: Айша Оқышева

02.09.2021

Ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы туралы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасы әзірленді.

  

Болжам бойынша, егер қазіргі таңда батыл іс-қимылдар қолға алынбаса, онда 2050 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 3 есе артатын болады, деп атап өтті «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшысы Айша Оқышева.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасындағы су тапшылығы ауыз суға да, ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне де қатысты. Қазақстан суға тәуелді ел болып табылады, сондықтан трансшекаралық өзендерді пайдалану проблемасы мемлекеттің басым міндеттеріне жатады.

«Жолдау барысында Президент Үкіметке алдағы 5 жылда таза сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды, бұл Тұрақты дамудың алтыншы мақсатын жүзеге асыру болып табылады. ТДМ 6 барлығы үшін қауіпсіз және ауыз суға жалпыға бірдей және тең құқылы қол жеткізу бойынша міндеттерді қамтиды».


Сарапшы жаңа су қоймаларын салу жоспарлары туралы айта кетті: бұл су тасқыны қаупін азайтуға, жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей трансшекаралық өзендерінің су көлеміне деген тәуелділіктен құтыламыз.

Магистральдық арналарды цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру (мұнда суды есепке алу және бақылау жүйелері орнатылатын болады) суды үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, суармалы судың артық жұмсалуын қадағалауға мүмкіндік беретін болады. Ел бойынша барлық негізгі арналар кезең-кезеңімен цифрландырылатын болады. Ауыл шаруашылығындағы суды жұмсау әдістерін де өзгерту қажет, деп есептейді сарапшы.

 

Ауыз су тапшылығы проблемасын шешудің екінші тәсілі — оны үнемдеу және ұтымды пайдалану, су ресурстарының ағып кетуіне және ластануына жол бермеу.

Айша Оқышеваның айтуынша, қазіргі уақытта Су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдаманың мақсаты су объектілерін халық пен экономика үшін экологиялық қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін жағдайға дейін сақтау және қалпына келтіру болып табылады.

«Су шаруашылығын цифрландыру, мониторинг және бақылау жөніндегі геоақпараттық жүйелер суды үнемдеу саясатын енгізуге, пайдалану шығыстарын төмендетуге және пайдаланылатын судың мөлшері мен сапасына дұрыс есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Егер үнемі инновациялық технологияларды дамыту үшін жұмыс жасайтын болсақ, жақын арада тұщы су тапшылығы мәселесін шешуге болады», — деп қорытындылады сарапшы.

 

Telegram-да сарапшының пікірін оқу




Қарау саны: 5241
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!