Сарапшы пікірі: Нұрболат Құрметұлы
02.09.2021
Шағын несие ұйымдарының әлеуетін іске қосу есебінен ауылдағы қаржы ресурстарына қолжетімділікті арттыруERI сарапшысы: Шағын несие ұйымдарындағы шарттар ЕДБ-дегідей қатаң емес «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) сарапшысы Нұрболат Құрметұлының айтуынша, ауылдық жерлерде шағын және орта бизнестің дамуын тежейтін басты факторлардың бірі — арзан несиелерге қолжетімділіктің болмауы болып табылады. Оның айтуынша, екінші деңгейдегі банктер көп жағдайда кепілдіктің болмауы немесе өтімсіздігі салдарынан ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді несиелегісі келмейді. «Барлық өңірлерде ауыл кәсіпкерлері өз бизнесін дамыту үшін несие ала алмайтындықтары туралы айтуда. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің деректерінен көруге болады: 2020 жылы ел экономикасындағы несиелер көлемі 14,6 трлн теңгені құрады және тек 0,2 трлн теңге (1,6%) ауыл шаруашылығы саласына жіберілді», — дейді сарапшы. Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) ірі және орта ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен жұмыс істегенді жөн көреді.
Бұл ретте мал шаруашылығы, жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінің негізгі бөлігін шаруа және фермерлік шаруашылықтар, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтар жүргізуде. Мысалы, 2020 жылы шаруа, фермер және жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ) ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы көлемінің 74%-ға жуығын өндірді.
Жалпы, ауылдағы қаржы ресурстарына қол жетімділікті арттыру көптеген дамыған елдерде өзінің тиімділігін дәлелдеген жақсы құрал болып табылады. Сөзсіз, бұл бастаманы іске асыру ауыл шаруашылығын дамытуға ғана емес, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға да үлкен серпін береді деп қорытындылады Нұрболат Құрметұлы. Telegram-да сарапшының пікірін оқу
Қарау саны: 5412 |
|
|