National Economy: Monitor (032)

14.09.2021

NATIONAL ECONOMY: MONITOR (032) жаңа шығарылымы

 

Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) «National Economy: Monitor» (2021 жылғы 6-12 қыркүйек) апта сайынғы аналитикалық электрондық журналының 32-шығарылымы жарық көрді.

 

Осы аптада дайджестте:

  • Сауд Арабиясы мен Қытайдың мұнай нарығындағы жағдай («Мұнай нарығы» атты тарауда).

Сараптамалық пікір: Келесі аптада мұнай бағасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Алайда Мексика шығанағындағы өндірудің қалыпқа келуі баға белгілеулерге қысым көрсетуі мүмкін.

 

  • АҚШ-тағы негізгі индекстердің төмендеуі немен байланысты және еуроаймақтағы баға белгілеулерге не әсер етті («Қор нарығы» атты тарауда).

Сараптамалық пікір: саяси факторларға қарамастан, коронавирусқа байланысты жағдай акцияларға ықпал етуші негізгі драйвер болып қала беруде. Сонымен қатар, төмендеуге қыркүйектің сауда-саттық үшін әлсіз ай ретіндегі беделі де әсер етті.

 

  • Әлемдік экономиканың басты жаңалықтарының мәліметтері бір тармақпен: 

— Американдықтардың жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақыға өтінімдер саны қысқаруын жалғастыруда.

— Еуроаймақтың ЖІӨ-сі өсуде.

— Қытайдың сыртқы сауда көрсеткіштері айтарлықтай жақсарып келеді.

— Ресей Банкінің алтын-валюта сақтық қорлары рекордтық деңгейді жаңартты.

 

 (Көбірек жаңалықтар – «Елдер» айдарында).

 

  • АҚШ, Ресей, Еуроаймақ және Қытай экономикаларының басты оқиғалары туралы сараптамалық пікір


Еуроодақ:

Еуро аймағындағы инфляцияның өз таргетінен асып түсуін (тамыз айында 3%) реттеуші әлі де уақытша деп санайды және 2022 жылы оның төмендеуін болжайды. Осындай оң көзқараста ЕОБ экономиканың қалыпқа келуі мен инфляцияның өсуіне сілтеме жасай отырып, облигацияларды сатып алу қарқынын төмендетті. Дегенмен, инфляциялық өсудің аясында бөлшек сауда қарқынының баяулауы өңірдегі іскерлік белсенділіктің төмендегенін көрсетеді.

 

Ресей:

Күтілетін негізгі мөлшерлеменің көтерілуі инфляциямен күрестің кезекті қадамы ретінде қарастырылады және бұл рубльдің нығаюына әкелуі керек, бес жылға дейін айналым мерзімімен ФҚО кірістілігінің өсуі жоққа шығарылмайды. Және ағымдағы жылы бұл мөлшерлеменің соңғы көтерілуі емес шығар, бұл жайлы соңғы отырыста Орталық банк басшысы мөлшерлеменің 7%-дан жоғары көтерілуін жоққа шығармай, нақты мәлімдеді.

 

  • Әлемдік тауар нарықтары: түсті металдар бағасының қарқынды өсуіне не әсер етті.

  • Қор нарығы:

— S&P 500 0,77%-ға төмендеді («Акциялар»).

— Еуро 0,09%-ға төмендеді («Валюталар»).


— Brent маркалы мұнай барреліне 0,43 долларға қымбаттап 73,35 долларға дейін артты («Шикізаттық тауарлар»).



  • Елдер бойынша жаңалықтар :

АҚШ: жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақыға өтінімдермен байланысты жағдай.

 

— Еуроодақ: ЖІӨ өсу қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, өнеркәсіптік өнім өндірушілерінің бағалары, бөлшек сауда.

 

Қытай: сыртқы сауда көрсеткіштері, өндірістік инфляция.

— Ресей: Ресей Банкінің алтын-валюта сақтық қорлары және негізгі мөлшерлемесінің көтерілуі.  

 

 

 

Жедел ақпарат, әлемдік нарықтардың соңғы мәліметтері, макроэкономикалық болжамдар және ERI сарапшыларының түсініктемелері — экономика әлемінің ең маңыздысы, өзектісі және қызықтысы.


 

National Economy: Monitor (032) оқу

 


 

"National Economy" талдамалық электрондық журналы 2021 жылдан бастап шектеулі пайдалану үшін екі форматта шығарылады:

 

— апта сайын ''National Economy: Monitor",

— ай сайын  ''National Economy Report".

 

Талдамалық дайджесттер Қазақстандағы және шетелдегі өзекті экономикалық проблемаларға арналған.

 

National Economy: Monitor бөлімдері:

 

  • Мұнай нарығы. Сарапшы пікірі.
  • Қор нарығы. Сарапшы пікірі.
  • Елдер. Сарапшы пікірі.
  • Әлемдік қор нарықтары.
  • Әлемдік тауар нарықтары.
  • Елдер бойынша жаңалықтар:
  • АҚШ жаңалықтары.
  • Еуроодақ жаңалықтары.
  • Қытай жаңалықтары.
  • Ресей жаңалықтары

 

 

Сондай-ақ оқыңыз: National Economy: Monitor 030

                                    National Economy: Monitor 031

 

National Economy: Monitor барлық шығарылымдары



Қарау саны: 5393
Сақталған: 21.09.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!