National Economy: Monitor (032)
14.09.2021
NATIONAL ECONOMY: MONITOR (032) жаңа шығарылымы Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) «National Economy: Monitor» (2021 жылғы 6-12 қыркүйек) апта сайынғы аналитикалық электрондық журналының 32-шығарылымы жарық көрді. Осы аптада дайджестте:
Сараптамалық пікір: Келесі аптада мұнай бағасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Алайда Мексика шығанағындағы өндірудің қалыпқа келуі баға белгілеулерге қысым көрсетуі мүмкін.
Сараптамалық пікір: саяси факторларға қарамастан, коронавирусқа байланысты жағдай акцияларға ықпал етуші негізгі драйвер болып қала беруде. Сонымен қатар, төмендеуге қыркүйектің сауда-саттық үшін әлсіз ай ретіндегі беделі де әсер етті.
— Американдықтардың жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақыға өтінімдер саны қысқаруын жалғастыруда. — Еуроаймақтың ЖІӨ-сі өсуде. — Қытайдың сыртқы сауда көрсеткіштері айтарлықтай жақсарып келеді. — Ресей Банкінің алтын-валюта сақтық қорлары рекордтық деңгейді жаңартты. (Көбірек жаңалықтар – «Елдер» айдарында).
Еуро аймағындағы инфляцияның өз таргетінен асып түсуін (тамыз айында 3%) реттеуші әлі де уақытша деп санайды және 2022 жылы оның төмендеуін болжайды. Осындай оң көзқараста ЕОБ экономиканың қалыпқа келуі мен инфляцияның өсуіне сілтеме жасай отырып, облигацияларды сатып алу қарқынын төмендетті. Дегенмен, инфляциялық өсудің аясында бөлшек сауда қарқынының баяулауы өңірдегі іскерлік белсенділіктің төмендегенін көрсетеді.
Ресей: Күтілетін негізгі мөлшерлеменің көтерілуі инфляциямен күрестің кезекті қадамы ретінде қарастырылады және бұл рубльдің нығаюына әкелуі керек, бес жылға дейін айналым мерзімімен ФҚО кірістілігінің өсуі жоққа шығарылмайды. Және ағымдағы жылы бұл мөлшерлеменің соңғы көтерілуі емес шығар, бұл жайлы соңғы отырыста Орталық банк басшысы мөлшерлеменің 7%-дан жоғары көтерілуін жоққа шығармай, нақты мәлімдеді.
— S&P 500 0,77%-ға төмендеді («Акциялар»). — Brent маркалы мұнай барреліне 0,43 долларға қымбаттап 73,35 долларға дейін артты («Шикізаттық тауарлар»).
— АҚШ: жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақыға өтінімдермен байланысты жағдай. — Еуроодақ: ЖІӨ өсу қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, өнеркәсіптік өнім өндірушілерінің бағалары, бөлшек сауда. — Қытай: сыртқы сауда көрсеткіштері, өндірістік инфляция. — Ресей: Ресей Банкінің алтын-валюта сақтық қорлары және негізгі мөлшерлемесінің көтерілуі. Жедел ақпарат, әлемдік нарықтардың соңғы мәліметтері, макроэкономикалық болжамдар және ERI сарапшыларының түсініктемелері — экономика әлемінің ең маңыздысы, өзектісі және қызықтысы. National Economy: Monitor (032) оқу
Қарау саны: 5381 |
|
|