Моноқалаларды дамуы
15.09.2021
ERI сарапшысы Қазақстанда моноқалалар дамыту жөнінде мәлімдедіҚ.Нығметов: Адам — моноқалалар дамытудағы басты басымдық. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) Орталығының Директоры Қайсар Нығметов Қазақстанда моноқалалар дамыту туралы «ЛИТЕР» газетінің хатшысына әңгімеледі. Сарапшы моноқалалар дегеніміз не, олар елде тарихи түрде қалай дамыды, олардың экономикалық және демографиялық дамуының қазіргі үрдістері қандай, олардың негізгі проблемалары неден туындайды және неге байланысты болатыны жөнінде ақпаратпен бөлісті. Ол сонымен қатар Қазақстанның бірқатар моноқалаларының ішкі мәселелерін шешудің табысты тәжірибесінің мысалдарын келтірді және халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде әзірленген моноқалаларды дамытудың стратегиялық тәсілдерін белгіледі.
«ЛИТЕР» қоғамдық-саяси газетінен материалдың толық нұсқасын жариялаймыз (2021 жылғы 15 қыркүйектегі №137 /3997/): Адам — моноқалалар дамытудағы басты басымдық
Моноқалалар әр түрлі пайдалы қазбалар өндірілетін жерлердің манайында өсуі, олардың көпшілігі өмір сүру үшін географиялық өмірге қолайсыз аудандарда құрылуы тарихи қалыптасқан жағдай.
Елдегі жүргізіліп жатқан міндеттердің бірі моноқалаларды дамыту болып табылады. Өз орналасқан жерінің әсерінен тоғыз моноқалалар (Абай, Ақсу, Кентау, Рудный, Сарань, Текелі, Теміртау, Хромтау, Шахтинск) облыстық орталықтармен тығыз экономикалық байланыста, бұл агломерациялық тиімділікті іске асыру есебінен олардың экономикалық дамуына берік негізді құрайды. Халықтың саны осы тоғыз қалада тұрақты болып қалуда (2015 жылдан бастап қысқаруы не бары 0,1%).
Сонымен бірге қалған облыстық орталықтардан шалға 18 моноқалаларда халық саны төмендеп жатыр (-3,9%).
Егер экономикалық көрсеткіштердің серпінін қарастыратын болсақ, онда 2019[1] жылы 2014 жылмен салыстырғанда моноқалалардағы өнеркәсіптік өнім көлемі 55,2%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,1 есеге өсті. Моноқалалардың қала құрушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 7,5 мың адамға (4,5%) (2019 ж. 167,4-тен 2020 жылы 159,9 мыңға дейін) азайды. Моноқалаларда еңбекақы мөлшері бойынша жоғары саралануы сақталуда: егер 2014 жылы 16 моноқалаларда еңбекақы мөлшері облыс бойынша орташа айлық еңбекақыдан төмен болса, 2019 жылы 12 моноқалада төмен болып отыр.
Моноқалаларды дамытудың өзекті мәселелерінің бірі инфрақұрылымның жоғары тозуы, және оның салдарынан коммуналды қызметтер сапасының төмендетуі болып табылады. Осылайша кәріздік желілер инфрақұрылымының тозуы 66,1%, жылу желілері 54,5%, су құбырларының – 56,2%, электр желісі – 55,3% (2020 жыл) құрайды. 11 моноқалаларда автожолдардың 50% астамы тозығына жеткен.
2013 жылдан бастап Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша моноқалалар инфрақұрылымын дамытуға 57 млрд.теңге бөлінген (195 жоба – ТКШ саласында 112, көлік инфрақұрылымы саласында 68, көріктендіру бойынша 15 жоба іске асырылған). Негізінен моноқалалар мәселелері олардың экономикасын әртараптандырудың төмен деңгейіне, халықтың жұмыспен қамтылуының қалақұраушы кәсіпорын даму келешектеріне жоғары тәуелдігіне, шикізат қорлары сарқылуына байланысты.
Бүгінгі таңда Арқалық таза түрде моноқала болып табылмайды және жоспарлы әртараптандырылады (ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі мен қайта өңдеумен байланысты жобалар белсенді дамып жатыр). Сондай ақ экономиканы әртараптандыру және қала құрушы кәсіпорындарға тәуелдікті төмендетуге мысалдар Степногорск және Сарань қалалары бола алады.
Моноқалаларды, жекелеген аумақтарды дамытудың халықаралық тәжірибесін зерделеу, әр моноқала үшін оның бейінінен шыға отырып негізге стратегиялық тәсілдер жинағын пайдалану қажеттігін көрсетеді:
Моноқалалардың дамуын (бюджеттік, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық аспектілерін) талдау бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл жұмыстың мақсаты моноқалаларды олардың әлеует деңгейіне сәйкес дамыту бойынша шараларды әзірлеу болады. [1] Пандемияға басталғанға дейінгі 2019 жылмен салыстыру
Жарияланымға фото ашық дереккөздерден алынды (Степногорск, Қазақстан. Көкжиекте Лунный даңғылы және Кварцитка ауылы, 2014).
Қарау саны: 5803 |
|
|