Моноқалаларды дамуы

15.09.2021

ERI сарапшысы Қазақстанда моноқалалар дамыту жөнінде мәлімдеді

Қығметов: Адаммоноқалалар дамытудағы басты басымдық.

 

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) Орталығының Директоры Қайсар Нығметов Қазақстанда моноқалалар дамыту туралы «ЛИТЕР» газетінің хатшысына әңгімеледі.

Сарапшы моноқалалар дегеніміз не, олар елде тарихи түрде қалай дамыды, олардың экономикалық және демографиялық дамуының қазіргі үрдістері қандай, олардың негізгі проблемалары неден туындайды және неге байланысты болатыны жөнінде ақпаратпен бөлісті. 

Ол сонымен қатар Қазақстанның бірқатар моноқалаларының ішкі мәселелерін шешудің табысты тәжірибесінің мысалдарын келтірді және халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде әзірленген моноқалаларды дамытудың стратегиялық тәсілдерін белгіледі.

 

«ЛИТЕР» қоғамдық-саяси газетінен материалдың толық нұсқасын жариялаймыз (2021 жылғы 15 қыркүйектегі №137 /3997/):

Сарапшылық пікір

Адам — моноқалалар дамытудағы басты басымдық

 

Моноқалалар әр түрлі пайдалы қазбалар өндірілетін жерлердің манайында өсуі, олардың көпшілігі өмір сүру үшін географиялық өмірге қолайсыз аудандарда құрылуы тарихи қалыптасқан жағдай.

 

Елдегі жүргізіліп жатқан міндеттердің бірі моноқалаларды дамыту болып табылады.

Моноқалаларға бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, әдетте бір бейінді кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған орташа немесе үлкен қалалар жататынын еске сала кетейік.

Бүгінгі таңда елде халық саны 1,4 млн. адам немесе ел халқының жалпы санының 7,4% құрайтын 27 моноқалалар бар.

2015 жылдан бастап моноқалаларда халық саны 2,4% немесе 34,8 мың адамға (2020ж.-1412,6 мың адам, 2015ж.-1447,4 мың адам) қысқарған.

Өз орналасқан жерінің әсерінен тоғыз моноқалалар  (Абай, Ақсу, Кентау, Рудный, Сарань, Текелі, Теміртау, Хромтау, Шахтинск)  облыстық орталықтармен тығыз экономикалық байланыста, бұл агломерациялық тиімділікті іске асыру есебінен олардың экономикалық дамуына берік негізді құрайды. Халықтың саны осы тоғыз қалада тұрақты болып қалуда (2015 жылдан бастап қысқаруы не бары  0,1%).

 

Сонымен бірге қалған облыстық орталықтардан шалға 18 моноқалаларда халық саны төмендеп жатыр (-3,9%).

 

Егер экономикалық көрсеткіштердің серпінін қарастыратын болсақ, онда 2019[1] жылы  2014 жылмен салыстырғанда моноқалалардағы өнеркәсіптік өнім көлемі 55,2%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,1 есеге өсті.

Моноқалалардың қала құрушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 7,5 мың адамға (4,5%) (2019 ж. 167,4-тен 2020 жылы 159,9 мыңға дейін) азайды.

Моноқалаларда еңбекақы мөлшері бойынша жоғары саралануы сақталуда: егер 2014 жылы 16 моноқалаларда еңбекақы мөлшері облыс бойынша орташа айлық еңбекақыдан төмен болса, 2019 жылы 12 моноқалада төмен болып отыр.

 

Моноқалаларды дамытудың өзекті мәселелерінің бірі инфрақұрылымның жоғары тозуы, және оның салдарынан коммуналды қызметтер сапасының төмендетуі болып табылады. Осылайша кәріздік желілер инфрақұрылымының тозуы  66,1%, жылу желілері 54,5%, су құбырларының – 56,2%, электр желісі – 55,3% (2020 жыл) құрайды.   11 моноқалаларда автожолдардың  50% астамы тозығына жеткен.

 

2013 жылдан бастап Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша моноқалалар инфрақұрылымын дамытуға 57 млрд.теңге бөлінген (195 жоба – ТКШ саласында 112, көлік инфрақұрылымы саласында 68, көріктендіру бойынша 15 жоба іске асырылған).

2025 жылға дейін моноқалалардың инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен шамамен 77 млрд теңге сомасында қаражат жоспарланған.

Негізінен моноқалалар мәселелері олардың экономикасын әртараптандырудың төмен деңгейіне, халықтың жұмыспен қамтылуының қалақұраушы кәсіпорын даму келешектеріне жоғары тәуелдігіне, шикізат қорлары сарқылуына байланысты

Бұған Арқалық қаласының қалақұраушы кәсіпорыны – «Торғай боксит кен басқармасын» - шикізат қорлары сарқылуына байланысты және шамамен 400 жұмыскерді босата отырып жабуы бойынша тәжірибесі  мысал бола алады. Сонымен қатар қала құраушы кәсіпорынмен әкімшілік Босаған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жол картасын іске асырды, бұл осы кәсіпорын жабылуының (қызметкерлердің бір бөлігі кәсіпорынның басқа бөлімшелеріне, біреулер жер өңдеу жұмыстарына қосылды, басқалара өңірдің кәсіпорындары мен ұйымдарына жұмысқа орналастырылды және т.б.) салдарын барынша жұмсартуға мүмкіндік берді.  

 

Бүгінгі таңда Арқалық таза түрде моноқала болып табылмайды және жоспарлы әртараптандырылады (ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі мен қайта өңдеумен байланысты жобалар белсенді дамып жатыр).

Сондай ақ экономиканы әртараптандыру және қала құрушы кәсіпорындарға тәуелдікті төмендетуге мысалдар  Степногорск және Сарань қалалары бола алады.

Анықтама үшінСтепногорск қаласында 2020 жылы қаланың өнеркәсіптік өндіріс көлемінде қала құрушы кәсіпорындардың үлесі 42%, 2012 жылы - 52% құрады. Саран қаласында 2020 жылы қаланың өнеркәсіптік өндіріс көлемінде қала құрушы кәсіпорындардың үлесі 17,5% (2012 ж. - 52,1%) құрады.

 

Моноқалаларды, жекелеген аумақтарды дамытудың халықаралық тәжірибесін зерделеу,  әр моноқала үшін оның бейінінен шыға отырып негізге стратегиялық тәсілдер жинағын пайдалану қажеттігін  көрсетеді:

  • инвестициялық климатты жақсарту есебінен әртараптандыруды ынталандыру;
  • шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
  • адами капиталды қалыптастыру (барлық жерде сапалы білім беру, медициналық және басқа да негізгі қызметтерді ұсыну);
  • моноқалаларға жеткілікті өкілеттер мен ресурстарды беру;
  • көліктік қолжетімділікті кеңейту, агломерацияға көшу мүмкіндігі есебінен халықтың ұтқырлығын арттыру.

Моноқалаларды дамытудағы басты басымдық адамдар болады:  қауіпсіздік, сапалы білім мен денсаулық сақтау, қалалар ішіндегі және қалалар арасында дамыған көліктік байланыс, тиімді қала құрылысы және жоғары экологиялық стандарттарды сақтау сияқты өмір сүру сапасы басты назарда болады.

Моноқалалардың дамуын (бюджеттік, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық аспектілерін) талдау бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл жұмыстың мақсаты моноқалаларды олардың әлеует деңгейіне сәйкес дамыту бойынша шараларды әзірлеу болады.


[1] Пандемияға басталғанға дейінгі 2019 жылмен салыстыру

 

Жарияланымға фото ашық дереккөздерден алынды (Степногорск, Қазақстан. Көкжиекте Лунный даңғылы және Кварцитка ауылы, 2014).



Қарау саны: 5801
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!