ERI және AERC “экономикалық өсуін” талқылайды
10.08.2020
Биылғы жылы жаһандық экономика құлдыраудың ауқымдылығы бойынша Ұлы депрессиямен салыстырылатын ең үлкен дағдарысқа тап болды. Ұзақтығы бойынша бұл дағдарысты құлдырау кезеңімен салыстыруға болады. ![]() Пандемияның таралуы, қатаң карантиндік шаралар әлем елдері экономикаларының синхронды құлдырауына әкелді. Қазақстан да бұл жағдайға ұшырады. ⠀ Қазақстандағы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға толық талдауды және 2020 жылға арналған макроэкономикалық болжамды 19 тамызда онлайн-конференцияда беделді экономикалық зерттеу ұйымдары: Экономикалық зерттеулер институты және AERC (Applied Economics Research Centre) ұсынады. ⠀ Алғаш рет зерттеу институттары мен тәуелсіз сарапшылар макроэкономикалық жағдайды, нақты секторды, Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайды талқылап, өзекті сұрақтарға жауап беру үшін бірікті: ⠀ • Қазақстанның ЖІӨ 2020 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 1,8% - ға төмендеді. Біз түбіне жеттік пе? • Қандай секторлар ең көп зардап шекті, ал экономиканы қандай секторлар қолдады? • Дағдарыс халықтың табысы мен еңбек нарығына қалай әсер етті? • Дағдарыс ел бюджетіне қалай әсер етеді? • 2020 жылдың қорытындысы бойынша біз не күтеміз? • Осы уақытта экономикалық саясат қандай болуы керек? ⠀ 19 тамызда сағат 11.00-де «Қазақстан 2020: "Карантиндегі экономикалық өсу» онлайн-конференциясына қосылыңыз.
Қарау саны: 5951 |
|
|