NATIONAL ECONOMY: MONITOR (033) жаңа шығарылымы
Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) «National Economy: Monitor» (2021 жылғы 13-19 қыркүйек) апта сайынғы аналитикалық электрондық журналының 33-шығарылымы жарық көрді.
Жаңа дайджесттен табатыңыз:
- Мұнай нарығында ағымдағы динамика қандай («Мұнай нарығы»).
Сараптамалық пікір: Мұнай нарығы 20 қыркүйекте өтетін ФРЖ отырысын күтуде. Осыған байланысты доллар күшейді, бұл өз кезегінде баға белгілеулерге теріс әсер етуде және бағаның төмендеуін күшейтуде.
- Әлемдік экономиканың басты жаңалықтарының мәліметтері бір тармақпен:
— Америкалық бюджет тапшылығының масимумы.
— ЕО-да қызмет көрсету саласындағы бос жұмыс орындарының саны артуда.
— Қытайлық өнеркәсіптік өндіріс көлемі болжамнан төмен болып шықты.
— Ресейлік депозиттер бойынша мөлшерлемелердің өсуі баяулады.
(Көбірек жаңалықтар - «Елдер» айдарында).
- АҚШ, Ресей, Еуроаймақ және Қытай экономикаларының басты оқиғалары туралы сараптамалық пікір
АҚШ:
Бюджет тапшылығының өсуі Президент Әкімшілігінің инфрақұрылымды жаңартуға жіберген 1,9 трлн долларлық мемлекеттік пакетімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, егер Сенатта жақында ғана мақұлданған жаңа триллион долларды, сондай-ақ экономиканың бірқатар секторлары үшін 3,5 трлн долларды қосымша қаржыландыруды (келесі 10 жылда жұмсау болжанып отыр) ескеретін болсақ, бюджет тапшылығының одан да жоғары өсу қарқыны болашақта жоққа шығарылмайды деп болжау қиын емес.
Ресей:
Орталық банк жинақ нормасын жоғарылату арқылы тұтынушылық сұранысты бәсеңдетуге тырысуда. Бағалардың өсуі және сақталып отырған проинфляциялық рай мөлшерлеменің кезекті кем дегенде 25 б.п. (базистік пункт) жоғарлатуына итермелеуде, бұны ОБ кезекті отырыста жасауға мәжбүр болады.
- Неліктен өткен апта АҚШ-та индекстердің төмендеуінен басталды және еуропалық акциялар мен қытайлық компаниялардың акциялары неге төмендеді («Әлемдік қор нарықтары»).
Сараптамалық пікір: АҚШ-тың акциялары экономиканың баяулауына, ынталандырудың төмендеуіне және коронавирустың таралуына байланысты төмендейтін болады. Алайда, бұл факторлар қысқа мерзімді сипатқа ие, ал ұзақ мерзімді перспективада АҚШ қор нарығында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
— Nasdaq 100 0,91%-ға төмендеді («Акциялар»).
— Еуро 0,09%-ға төмендеді («Валюталар»).
— Brent маркалы мұнай барреліне 74,45 долларға дейін 0,53 долларға арзандады («Шикізаттық тауарлар»).
- Әлемдік тауар нарықтары: екі ай ішінде мұнай бағасының ең жоғары мәндерге жетуіне не ықпал етті және неге түсті металдар одан әрі бағытты айқындай алмауда.
- Елдер бойынша жаңалықтар :
— АҚШ: бюджет тапшылығы және бағалардың өсуі.
— Еуропалық Одақ: өнеркәсіптік өндіріс, сыртқы және ішкі сауда көлемі және қызмет көрсету саласындағы бос жұмыс орындары.
— Қытай: бөлшек сауда қарқыны және өнеркәсіптік өндірістің көлемі.
— Ресей: депозиттер бойынша мөлшерлемелермен жағдай.
Жедел ақпарат, әлемдік нарықтардың соңғы мәліметтері, макроэкономикалық болжамдар және ERI сарапшыларының түсініктемелері — экономика әлемінің ең маңыздысы, өзектісі және қызықтысы.
"National Economy" талдамалық электрондық журналы 2021 жылдан бастап шектеулі пайдалану үшін екі форматта шығарылады:
— апта сайын ''National Economy: Monitor",
— ай сайын ''National Economy Report".
Талдамалық дайджесттер Қазақстандағы және шетелдегі өзекті экономикалық проблемаларға арналған.
National Economy: Monitor бөлімдері:
- Мұнай нарығы. Сарапшы пікірі.
- Қор нарығы. Сарапшы пікірі.
- Елдер. Сарапшы пікірі.
- Әлемдік қор нарықтары.
- Әлемдік тауар нарықтары.
- Елдер бойынша жаңалықтар:
- АҚШ жаңалықтары.
- Еуроодақ жаңалықтары.
- Қытай жаңалықтары.
- Ресей жаңалықтары
Сондай-ақ оқыңыз: National Economy: Monitor 031
National Economy: Monitor барлық шығарылымдары