ЕТЖ-ны жоғарылату

22.09.2021

ЕТЖ жоғарылауының әлеуметтік-экономикалық әсері

ERI сарапшылары, ЕТЖ жоғарылату нәтижесінде бизнес-қоғамдастықты одан әрі дамуға ынталандыруы тиіс деп санайды.

 

Халықтың негізгі кіріс көзі қазақстандықтардың барлық табыстарының шамамен 68% алатын еңбекақы болып табылатынын «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) сарапшылары атап өтті.

 

Ең төменгі жалақы - бұл қарапайым біліктілігі жоқ жұмысшыға қалыпты жағдайда және айына қалыпты жұмыс уақытымен еңбек нормаларын орындаған кезде ақшалай төлемдердің кепілдік берілген минимумы болып табылады.

 

ЕТЖ  – бұл біздің елімізде еңбекақы төлеуді мемлекеттік реттеудің басты элементтерінің бірі.

 

Басқа сөздермен айтқанда, ЕТЖ белгілеу еңбек ақыны төлеуді реттеу үшін қажет болып табылады.

 

Жыл сайын ЕТЖ «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен Еңбек кодексінің 104 бабына сәйкес қаржылық жылға белгіленеді және ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс.  

 

Ағымдағы жылы ЕТЖ мөлшері 42 500 теңге деңгейінде белгіленген.

 

Елбасы 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында 2022 жылдан бастап ЕТЖ-ны 60 000 теңге мөлшерінде белгілеуді тапсырды.

 

ЕТЖ-ның өсуі қазіргі уақытта 60 000 теңгеден төмен жалақы алатын миллионнан астам адамға тікелей әсер етеді - бұл ұйым мемлекеттік немесе жеке салада жұмыс істейтіні маңызды емес, дейді ERI сарапшылары.

 

Олардың мәлімдеуі бойынша, ЕТЖ-ның ағымдағы 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін ұлғаюынан әлеуметтік-экономикалық әсерлер 4 әсер ету арналары бойынша іске асырылады:

 

Тікелей тиімділік:

1. Халық табыстарына тиімділік.

ЕТЖ ұлғаюы 60 000 теңге және одан жоғары еңбекақысы бар жалдамалы жұмыскерлердің ақшалай кірістері өсуіне алып келеді.

 

2. Бюджетке тиімділік.

Жаңа ЕТЖ-ның есебінен халықтың қолда бар табысының өсуіне байланысты ішкі сұраныстың өсуін ескере отырып, экономикалық белсенділіктің өсуі байқалатын болады, бұл өз кезегінде салық түсімдерінің ұлғаюымен бірге жүреді.

 

Жанама тиімділік:

3. Тұтыну тарапынан ЖІӨ тиімділігі.

ЕТЖ-ның өсуі халықтың ақшалай табысының ұлғаюына әкеледі, бұл өсімі ЖІӨ екпініне оң әсер ететін үй шаруашылығының тұтыну көлемінің ұлғаюын білдіреді.

 

4. Инфляцияға тиімділік.

Әдетте, еңбекақы ұлғаюы және сәйкесінше қолда бар табыстың ұлғаюы өзімен тұтыну тауарлары мен қызметтерге сұраныстың өсуіне алып келеді, бұл азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына алып келуі мүмкін.

 

«ЕТЖ теориялық жоғарылауы кәсіпкерлерге азғана жүктеме береді, бірақ басқа жағынан біз халық табысы ұлғаяды деп күтеміз, бұл сол бизнестің тауарлары мен қызметтердің  үлкен сұранысына алып келеді. Берілген шара қорытындысында бизнес-қоғамдастықты одан әрі дамытуға ынталандыруы тиіс», — деп санайды сарапшылар. 



Біздің Telegram-каналда ЕТЖ жоғарылауынан әлеуметтік экономикалық тиімділіктер туралы  оқу 

 

Біз сонымен қатар бұл тұралы мұнда жаздық («Экономика дамуы» бөлімін қараңыз )



Қарау саны: 5489
Сақталған: 24.09.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!