Реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңес
29.09.2021
Әсет Ерғалиев реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңесте Аумақтарды дамыту жоспарын таныстырды Жоспар инфрақұрылымның бірыңғай құрылымын құру арқылы өңірлерді біріктіруді болжайды. Президенттің төрағалығымен өткен реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңестің отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Аумақтық даму жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) таныстырды.
Құжат бес бағытты қарастырады:
Министр қазіргі уақытта агломерация мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың заңнамалық негізі әзірленіп жатқанын атап өтті. Халықаралық тәжірибені ескере отырып және ЭЫДҰ елдерінің үлгісі негізінде әкімшілік-аумақтық құрылымның жаңа стандарттары тұжырымдалуда. «Жоспар инфрақұрылымның бірыңғай құрылымын құру арқылы өңірлерді біріктіруді болжайды. Өңірлік экономиканың дамуы олардың бәсекелестік артықшылықтарын ескере отырып жүзеге асады», - деп атап өтті Ұлттық экономика министрлігінің басшысы. Министрді тыңдай отырып, Президент Жоспарда бүкіл елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуының негізгі принциптері мен тәсілдері ғана емес, сонымен қатар әр өңірдің дамуының негізгі параметрлері қамтылуы тиіс екенін атап өтті.
Жоспарды құруға «Экономикалық зерттеулер институты» (ERI) АҚ сарапшылары белсенді қатысты.
«Жоспарды әзірлеу кезінде елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының сыртқы және ішкі сын-қатерлеріне кешенді талдау жүргізілді. Атап айтқанда, өңірлер арасындағы негізгі мемлекеттік қызметтердегі алшақтықты азайтуға назар аударылды (коммуналдық қызметтер, білім беру және медициналық қызметтер, цифрлық қызметтер). Жоспар бес бағытты қарастырады: институционалдық қамтамасыз ету, өңірлер арасындағы негізгі мемлекеттік қызметтердегі олқылықтарды азайту, өңіраралық аумақтық байланысты қамтамасыз ету, өңірлердің бәсекеге қабілетті артықшылықтарын дамыту және өңірлер ішіндегі кеңістіктік даму», - деп қосты сарапшы. Оның айтуынша, Жоспарды құрудағы негізгі қағидалардың бірі - адамға бағытталғандық, яғни халықтың мүддесі үшін аймақтық саясатты қалыптастыру . Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» және 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Аумақтық даму жоспарының жобасы әзірленді. Қосымша оқу: Президент реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңестің отырысын өткізді
Қарау саны: 5226 |
|
|