ТДМ жөніндегі Хатшылық сарапшылары ҚР өңірлерінде далалық
04.10.2021
ТДМ жөніндегі Хатшылықтың қызметкерлері ҚР өңірлерінде далалық зерттеулер жүргізді Сарапшылар балалар мен ата-аналарға сұхбат беріп, жергілікті атқарушы органдармен балаларға арналған бюджет әдіснамасын талқылады. 12-29 қыркүйек аралығында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық қызметкерлері Қазақстанның бірқатар өңірлері мен қалаларында далалық жұмыстарды жүзеге асырды: ата-аналармен және балалармен терең сұхбат жүргізді және жергілікті атқарушы органдармен балаларға арналған бюджет әдіснамасын талқылады. Сұхбат нәтижелері осы жылдың соңына дейін ҚР-да Балалардың әл-ауқатын бағалау индексін әзірлеуді аяқтау кезінде ескерілетін болады. Зерттеулер Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Алматы, Атырау облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында жүргізілді. Сарапшылар Қазақстандағы балалардың игілігін бағалау индексі жобасының сауалнама индикаторларын тестілеу үшін өңірлердегі ата-аналармен және балалармен әңгімелесті.
Зерттеу нәтижелері бойынша қызметкерлер аймақтардағы бірқатар жалпы үрдістер туралы қорытынды жасады.
Балаларды қосымша біліммен қамтудың негізгі себептері: - кейбір ата-аналардың жұмыстағы жүктемесі (көпбалалы отбасыларда үлкен бала кішкентайларға қарайласады); - үй тапсырмаларымен жоғары жүктеме; - тұрғылықты жерінен арақашықтық.
ERI сарапшылары балалардың әл-ауқатына қолжеткізудің негізгі факторларының бірі қаржыландыру деп атайды. Балаларға арналған бюджетті енгізу балалардың қажеттіліктеріне бағытталған мемлекеттік шығыстарды жүйелі түрде бағалауға және олардың тиімділігін көрсетуге мүмкіндік береді.
"Балаларға арналған бюджет" сияқты жаңа бастаманы іске асыру балаларды дамыту жөніндегі ақпараттың, оның ішінде қаржыландырудың бытыраңқылығына негізделген. Бұдан басқа, балалардың әл-ауқатының қазақстандық индексі мен балаларға арналған бюджет өзара байланысты болады. Индекс индикаторларының бірі жергілікті бюджетте балаларға арналған бюджет үлесін көрсететін болады", - деп тұжырымдайды ТДМ жөніндегі Хатшылықтың қызметкерлері. Олар сондай-ақ Балаларға арналған бюджетті жасау және ұсыну қағидаларының жобасын талқылау барысында экономика, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және қауіпсіздік салаларындағы жергілікті атқарушы органдар балаларға арналған бюджетті қалыптастыру әдістемесі бойынша өздерінің практикалық түсініктемелері мен ұсыныстарын бергенін хабарлады. ҚР облыстарының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері жалпы балалар үшін бюджетті қалыптастыру идеясын қолдайды, ол жас ұрпақтың қажеттіліктеріне арналған шығыстарды жоспарлау кезінде талдамалық құрал болады. "Балаларға арналған бюджетті енгізу қолданыстағы бюджет процесінде түбегейлі өзгерістерге әкелмейді. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және қауіпсіздік салаларын қоспағанда, өскелең ұрпаққа шығыстарды бөлуде қиындық көрмейді", — деп қосты сарапшылар. Балаларға арналған бюджетті қалыптастыру әдіснамасымен қатар қатысушылар Балаларға арналған мемлекеттік шығындардың тиімділігін бағалау критерийлері әдістемесінің жобасын талқылады. Критерийлерге үш блок кіреді: - "Балаларға арналған бюджетті жоспарлау сапасы" блогы (50%), - "Бюджеттік орындау" блогы (30%), - "Әлеуметтік-экономикалық тиімділік" блогы (20%). Үш блок бойынша көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде балаларға арналған мемлекеттік шығыстар тиімділігінің қорытынды интегралдық көрсеткіші есептелетін болады. Талқылау қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері балаларға мемлекеттік шығыстардың тиімділігі критерийлері мен олардың үлес салмағы бойынша келісім білдірді. "Әлеуметтік тұрақсыздық күшейген "жаңа шынайылық" жағдайында Қазақстан Үкіметінің балалардың әл-ауқатын анықтау жөніндегі шаралары уақытылы болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, тиісті шаралар болмаған кезде ерте балалық шақта қолайсыз жағдайлардың әсеріне ұшыраған ересектердің орташа жылдық табысы құрдастарына қарағанда шамамен үштен бір аз болады. Бұл жеке шығындар қоғамда жиналып, капиталдың жинақталуын шектейді және ұлттық табысқа нұқсан келтіреді", — деп қорытындылады ERI сарапшылары. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдан бастап ұлттық мониторинг тетігі - Балалардың әл-ауқат индексін әзірлеу және енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Балалардың әл-ауқатының қазақстандық индексін есептеу әдістемесінің жобасын әзірлеумен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп Экономикалық зерттеулер институты айналысады. Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобаға техникалық қолдау көрсетеді. Балалардың әл-ауқатының қазақстандық индексі қазақстандық балалардың жалпы және жекелеген бағыттар бойынша қаншалықты қолайлы екенін анықтауға мүмкіндік береді. Өңірлер бөлінісінде әртүрлі салалардағы ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға және балалардың өмір сүру сапасы қалай өзгеретінін көрнекі түрде көрсетуге, проблемалық аймақтарды олардың әл-ауқатына көрсетуге мүмкіндік туады. 2021 жылғы 11 мамырдан бастап пікірталастардың бірінші раунды шеңберінде Индекс жобасын әзірлеушілер ата-аналармен, ҮЕҰ өкілдерімен, сарапшылармен, педагогтармен және басқа да мүдделі тараптармен бірқатар қоғамдық талқылаулар өткізді. Нәтижесінде, индикаторлардың бастапқы жиынтығы жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып пысықталып, толықтырылды. Сондай-ақ оқыңыз: ТДМ жөніндегі Хатшылық Балаларға арналған бюджетті қалыптастыру әдістемесінің қазақстандық жобасын таныстырды
Қарау саны: 5044 |
|
|