ТДМ іске асыру жөніндегі Солтүстік және ОА
06.10.2021
ТДМ іске асыру жөніндегі Солтүстік және Орталық Азияның бесінші көпжақты форумыТДМ жөніндегі Хатшылық директоры екінші ерікті ұлттық шолуды дайындау бойынша ҚР тәжірибесі мен жоспарларымен бөлісті.5—7 қазанда Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру бойынша Солтүстік және Орталық Азияның бесінші көпжақты форумы өтуде. Субөңірлік форум виртуалды кездесу форматында өтуде және тоғыз тұжырымдамалық сессиядан тұрады. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар "Екінші буындағы ерікті ұлттық шолулар процестерін нығайту" сессиясы аясында екінші ерікті ұлттық шолуды (ЕҰШ) дайындау бойынша Қазақстанның тәжірибесі мен жоспарларымен бөлісті. Форумның бірінші күні ЕҰШ дайындық процесін талқылаумен қатар, алдағы 2022 жылғы Жоғары деңгейдегі саяси форум мәселелеріне арналды. Қазіргі үрдістер баяу экономикалық қалпына келуді көрсететіндіктен, спикерлер сонымен бірге СОА субөңіріне COVID-19 пандемиясынан қалпына келтіруге және ТДМ-ға қол жеткізуге көмектесетін ынтымақтастық шараларын талқылады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар ТДМ жетудегі капитал нарығы мен инновациялық қаржы құралдарының рөлі жоғары екенін атап өтті. СОА елдері арасындағы трансшекаралық серіктестік және білім алмасу барлық мүдделі тараптарға ТДМ іске асыруда бірлескен іс-қимылдарды жұмылдыру үшін ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылауға мүмкіндік береді. СОА-ның ТДМ-ды іске асыру жөніндегі бесінші көпжақты форумының тұжырымдары мен ұсынымдары тұрақты даму жөніндегі Тоғызыншы Азия-Тынық мұхиты форумының және 2022 жылғы тұрақты даму жөніндегі БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі саяси форумының жұмысында пайдаланылатын болады. ТДМ бойынша субөңірлік форумның жұмысына ТДМ-ды іске асырудың түрлі аспектілеріне жауап беретін Солтүстік және Орталық Азия елдерінің мемлекеттік институттарының (СОА) өкілдері, бизнес, ҒӨБ өкілдері, ғылыми топтардың сарапшылары және ТДМ-ды іске асыруға қолдау көрсететін БҰҰ агенттіктерінің, өңірлік және субөңірлік ұйымдардың өкілдері қатысады. Іс-шараға Қазақстаннан мемлекеттік органдардың, ҒӨБ, Атамекен ҰКП өкілдері және "Экономикалық зерттеулер институты"АҚ сарапшылары қатысуда.
2015 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, оның ішінде мемлекеттер мен үкіметтер басшылары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске, сондай-ақ климаттық өзгерістерге байланысты проблемаларды шешуге бағытталған 17 тұрақты даму мақсатының тізімін қамтитын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады. Қазақстан Тұрақты Даму Мақсаттарын орындау бойынша өзіне міндеттемелер алған ел ретінде барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс істейді және жаһандық мақсаттарға табысты қол жеткізуге өз үлесін қосуға дайын. ҚР Премьер-Министрі Орынбасарының төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша құрылды. Ұлттық экономика министрлігі Кеңес жұмысының Үйлестіру органы болып табылады. ТДМ Хатшылығының рөлін сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ атқарады. 2021 жылғы 7 маусымда Асқар Маминнің өкімімен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы ретінде ресми түрде бекітілді.
Сондай-ақ оқыңыз: ТДМ жөніндегі Хатшылықтың қызметкерлері Орталық Азия субөңірлік бағдарлау кездесуіне қатысты
Қарау саны: 5134 |
|
|