ERI ЭЫДҰ және ҰБО мәселелері бойынша
06.10.2021
"Атамекен" ҰКП үшін ЭЫДҰ және ҰБО мәселелері бойынша ақпараттық-консультативтік вебинарERI сарапшылары ҚР-дың ЭЫДҰ-ға мүше елдермен өзара іс-қимылы мен әріптестігінің бағыттары, сондай-ақ елдегі ҰБО қызметі туралы айтып берді.
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-да (ERI) "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі-"Атамекен" ҰКП) үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі — ЭЫДҰ) және Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі – ҰБО) мәселелері бойынша ақпараттық – консультативтік вебинар өткізілді.
Онлайн-конференция жұмысына "Атамекен" ҰКП орталық аппаратының басшылығы мен сараптамалық құрамы, сондай-ақ Алматы және Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының аумақтық ұйымдарының өкілдері қатысты. Вебинардың бірінші блогы Қазақстан мен ЭЫДҰ ынтымақтастығының негізгі сәттеріне арналды, бұл туралы ERI Орталығының жетекші сарапшысы Әлібек Райпов айтып берді.Өз сөзінде спикер ҚР-дың экономика тұрғысынан да, құқықтық жағынан да ЭЫДҰ-ға қатысушы елдермен өзара іс-қимыл бағыттары мен әріптестік перспективаларын атап өтті.Онлайн-іс-шараның екінші блогы Қазақстан ҰБО қызметіне назар аударды, ол туралы ERI Орталығының аға сарапшысы Руслан Карбенов айтып берді.Қазақстанның ҰБО құру және дамыту бойынша қолданыстағы міндеттемелерінен басқа, спикер елдегі ҰБО-ның реттеуші ерекшеліктері туралы, сондай-ақ тараптардың ҰБО шешімдерін орындауына кейіннен мониторинг жүргізе отырып, өтініштерді қараудың процестік сәттері туралы айтып берді.
Шетелдік контрагенттермен мәмілелерде бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын сақтау жөніндегі ақпарат қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Егер сізде ҰБО қызметі және ЭЫДҰ Басшылық қағидаттары бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, 8(7172)999912 телефон нөмірі бойынша немесе ncpkaz@economy.kz Email-на хабарласыңыз.
_____ЭЫДҰ-1948 жылы құрылған және өкілді демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. 38 ел ЭЫДҰ мүшелері болып табылады. Қазақстан 2008 жылдан бері ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді.
Қарау саны: 5253
Сақталған: 24.11.2024
|