Президенттің

07.10.2021

Қазақстан климаттық өзгерістерге қарсы күрес бойынша жаһандық күш-жігерді қолдауды жалғастыруда

ERI сарапшылары: Ел экономикасының төмен көміртекті даму траекториясына өту шығындарын барынша азайту үшін институционалдық жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік саясаттың сындарлы тәсілдері қажет

 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік энергетикалық апта және KAZENERGY ХIV Еуразиялық форумы аясында өтіп жатқан "Әлемдік энергетикалық триллема 2021-құрамдауыштар теңгерімі: энергетикалық өңірлер бойынша өзгерістер навигациясы" жаһандық пленарлық отырысында бейне жолдау жасады.

Мемлекет басшысының айтуынша, 2060 жылға қарай Қазақстан көміртекті бейтараптыққа жетеді және бұл, әсіресе энергетикалық теңгерім контексіндегі ірі сын-тегеурін болып табылады. 

"Ұлттық басымдықтар мен міндеттемелерге қатысты айтар болсақ, Қазақстан климаттық өзгерістер мен олардың себептеріне қарсы күрес саласындағы жаһандық күш-жігерді қолдайтын тарап болғанын және болып қала беретінін мәлімдегім келеді. Біздің еліміз Париж келісімі аясында әрекет етуге ниетті", - деді ҚР Президенті. 

Ол сондай-ақ Қазақстанның климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық күш-жігерге және Париж келісімінің мақсаттарына берік бейілділігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлем дамудың жаңа кезеңіне өтіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа технологиялар қазбалы отыннан жаңартылатын энергия көздеріне, сутегі мен ядролық энергияға жаһандық энергетикалық ауысуды талап етеді.

"Мен Үкіметке электр генерациясындағы жаңартылатын және балама энергия көздерінің үлесін 2030 жылға қарай 15% - ға дейін арттыруды тапсырдым. Бүгінгі таңда 2000 МВт жаңартылатын энергия көздері пайдалануға берілді. Қазақстан алға қойылған мақсатқа жету жолында. Алайда, көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу үшін тек жаңартылатын энергия көздерін ұстану жеткіліксіз", – деп есептейді Президент.

Елде әзірленетін ұлттық жобалар энергия өндіру, энергияны үнемді пайдалану, цифрландыру және орнықты экономикалық өсу сияқты түйінді бағыттарда ілгерілеуге ықпал ететін болады. 

Қазақстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы шеңберінде "Париж келісімін" ратификациялады және 2030 жылға дейін төмен көміртекті даму типіне көшу және парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15% - ға қысқарту бойынша міндеттемелерді өзіне алды.

"Төмен көміртекті дамудың шектеу талаптары Қазақстан экономикасының жүйе құраушы салалары шығасыларының өсу тәуекелдерін ескеруі тиіс. Технологиялық инновацияларға кәсіпорындардың шығындарының өсуі қосымша инвестицияларды қажет етеді, қарыз жүктемесінің өсуі, өндіріс пен жұмыспен қамтудың төмендеуі мүмкін", — дейді ERI сарапшылары. 

Сондай-ақ, сауданың жаңа ережелерін, атап айтқанда, ҚР ірі сауда серіктестерімен бірге енгізу ықтималдығын ескеру қажет.

Бұл жағдайда ел экономикасының төмен көміртекті даму траекториясына өту шығындарын азайту үшін институционалдық жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік экономикалық саясаттың сындарлы тәсілдері қажет, деп атап өтті сарапшылар.


Telegram-да оқыңыз
 



Қарау саны: 5225
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!