Олжас Төлеуов ERI конференциясына қатысады
12.08.2020
«COVID-19 жағдайындағы Қазақстанның еңбек нарығы» - Олжас Төлеуов, Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті COVID-19 пандемиясы Қазақстанның жұмыспен қамту құрылымына өз түзетулерін енгізді. Бүгінде біз кадрларға деген қажеттіліктің артқанын және еңбек ресурстарының өңірлік біркелкі еместігі мәселесінің шиеленіскенін байқаймыз. ⠀ Enbek.kz Электрондық еңбек биржасындағы (ЭЕБ) түйіндеме мен бос жұмыс орындарының саны ТЖ кезінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35% және сәйкесінше 23% - ға төмендегені белгілі. ⠀ Алайда мамыр айында ТЖ режимі мен қатаң карантин аяқталғаннан кейін ЭЕБ-дағы түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының саны қалпына келіп, сәуір айымен салыстырғанда 1,6 және сәйкесінше 3,5 есе өсті. ⠀ Бұл ретте құрылыс жаңа жұмыс орындары құрылатын басты салаға айналды (ЭЕБ-да оның үлесі алғашқы 5 айда 8% - дан 43% - ға дейін өсті). ⠀ Өңірлер бөлінісінде ТЖ-дан кейінгі ең көп бос жұмыс орындары Алматы, Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында құрылды, ал түйіндемелердің негізгі саны Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарына тиесілі. ⠀ *Қазақстандағы «шартты тұрғыда» жұмыссыздардың саны; қызмет көрсету саласында ең көп сұранысқа ие бос жұмыс орындары; білікті еңбекке сұраныс пен ұсыныс; COVID-19 еңбек нарығына әсерін жою үшін мемлекет көрсететін қолдау шаралары туралы Олжас Төлеуов 19 тамыздағы онлайн-конференцияда толығырақ айтып береді.* ⠀ Онлайн-конференция ұйымдастырушыларының Facebook-тегі ресми парақшаларындағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз @economic.research.kz @aerc.kazakhstan
Қарау саны: 6074 |
|
|