«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасы
Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Энергетика министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) бірлесіп «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасын әзірледі.
Ұлттық жобаның бірінші бағыты - шикізаттық емес секторға инвестициялардың өсуі, сондай-ақ құн жасаудың жаһандық және өңірлік тізбектеріне кіру негізінде экономиканы әртараптандыру.
Екінші бағыт - жоғары өнімді жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысының өсуі.
Үшінші бағыт - төмен көміртекті даму тенденциясын ескере отырып, ЖЭК негізінде энергия өндірудің озық дамуы.
Жоба 5 бағыттан тұрады, 6 негізгі мақсат және 13 көрсеткіш анықталды.
- Индустриялық-инновациялық даму;
- Мұнай-газ химия кешенін дамыту;
- Геологиялық зерттеулерді дамыту;
- Энергетикалық кешенді дамыту;
- Шикізаттық емес экспортты ілгерілету.
«Индустриялық-инновациялық даму» бойынша бірінші бағытта екі негізгі міндет анықталды:
1) өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық жаңарту;
2) өндіріс көлемін ұлғайту және өңдеу өнеркәсібі тауарларының номенклатурасын кеңейту.
Ол үшін кәсіпорындарға жаңа технологияларды сатып алу мен енгізуге, жабдықты орнатуға және іске қосуға, сондай-ақ біліктілікті арттыруға, технологиялық жабдықты сатып алуға және несиелік шарттарды жақсартуға, оның ішінде лизингке өтемақы төлеу бойынша кешенді шаралар әзірленетін болады.
Осылайша, 2025 жылға қарай цифрлық технологияларды қолданатын өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесін 23%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Жабдықтар мен машиналарға арналған негізгі капиталға инвестиция 2025 жылы триллион теңгеден асады.
«Өндіріс көлемін ұлғайту және өңдеу өнеркәсібі тауарларының номенклатурасын кеңейту» міндеті шеңберінде 418 индустриялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
2025 жылға қарай негізгі капиталға 11 триллион теңгеден астам инвестиция тартылады, ал өңдеу өнімдері экспортының көлемі 24 миллиард долларға дейін артады. Жаңа жоғары білікті жұмыс орындарының саны 100 мыңға жуық болады.
2025 жылға дейін іске қосылуы жоспарланған ірі жобалардың мысалдары: «Monterra Qaaqstan» ЖШС, «Еврохим-Қаратау» ЖШС, «Мега Смарт» ЖШС, «KamLit KZ» ЖШС және басқалары. Бұл ретте республикалық деңгейде 50 негізгі жоба анықталды.
«Мұнай-газ химия кешенін дамыту» бағыты бойынша сыртқы сұранысты қанағаттандыру үшін ірі жоғары технологиялық мұнай-газ химиясы өндірістері енгізілетін болады.
2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауытын пайдалануға беру.
1) полипропилен өндірісі;
2) бензин мен полипропиленге арналған қоспалар өндірісі;
3) метанол өндірісі;
4) полиэтилентерефталат өндірісі;
5) Қашаған кен орнының шикізатына негізделген газ өңдеу зауыты.
Нәтижесінде мұнай-газ химия өнімдерін өндіру көлемі 5 есе 360 мыңнан 2 миллион тоннаға дейін, ал экспорт та 9 есеге (0,15 -тен 1,4 миллиард долларға дейін) ұлғаяды.
Геологиялық барлау саласын дамыту инвестициялық тартымдылықты арттыруға және геологиялық материалдарды сақтау мен өңдеу бойынша қазіргі заманғы инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Аумақтың геологиялық зерттелуін қамту 683,9 мың шаршы км-ге (1576,5-тен 2 260,4 мың шаршы км-ге дейін) ұлғаяды. Бір қор қоймасы, 2 керн қоймасы салынады және 4 керн қоймасы жөнделеді.
Төртінші бағыт экономика мен халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында энергетикалық кешенді жаңартуды көздейді.
2025 жылға дейін жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту есебінен 5 404 МВт қосымша қуаттарды, оның ішінде 2 400 МВт ЖЭК қуаттарын, 1 400 МВт бу – газ қондырғыларын және 1 604 МВт іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары арасында екінші тізбекті (220 кВ) салу жоспарлануда.
Қабылданған шаралар нәтижесінде электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК электр энергиясының үлесі 6%-ға жетеді. Жобалардың іске қосылуы экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін 120 млрд кВтсағ дейін жабады.
«Шикізаттық емес экспортты ілгерілету» бағыты бойынша шикізаттық емес экспорт көлемін 41 млрд долларға жеткізу міндеті шешілетін болады.
Ол үшін экспортты жеделдету бағдарламасын әзірлеу жалғасатын болады, ол жаңа мәдениетті дамытуға және бұрыннан бар экспорттаушылардың құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
1000 белсенді экспорттаушының сыртқы нарықтарға шығуы қамтамасыз етілетін болады.
Сондай-ақ 350-ге жуық экспорттаушыны электронды сауда алаңдарына (Alibaba, Amazon, OZON) әкелу жоспарлануда.
Мемлекеттік стандарттардың халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін 30% (250-ден астам) сынақ зертханалық базасы жаңартылады.
Экспорттаушылардың сыртқы нарыққа шығуына келесі шаралар арқылы қолдау көрсетіледі:
- экспортқа дейінгі және экспорттық қаржыландыру;
- сақтандыру, айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру;
- экспорттаушылардың шығындарын өтеу (бөлшек сауда сөрелері мен сауда алаңдарын жалға алу, шетелдік сертификаттаудан өту, аккредиттеу, тексерулер, тауарларды шетелде жарнамалау, шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға қатысу);
- экспорттаушылардың көлік шығындарын өтеу.
Нәтижесінде шикізаттық емес тауарлардың экспорты 14-тен 29 млрд долларға дейін артады. Қызметтер экспорты 2,4 есе өседі (5-тен 12 млрд долларға дейін).
Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 триллион теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджетте 402 млрд теңге қарастырылған. 15,5 трлн теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылы мынадай нысаналы көрсеткіштерге қолжеткізіледі:
- 102 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары;
- еңбек өнімділігінің 20%-дан астамға өсуі;
- өндірілетін тауарлар өндірісінің көлемін 1,5 есе ұлғайту.
- шикізаттық емес экспортты 41 млрд. долларға дейін ұлғайту.
- ЖЭК алынатын электр энергиясының үлесі жалпы өндіріс көлемінің 6% құрайтын болады.
Ұлттық жоба жалпыұлттық басымдықтарды және елді дамытудың 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспарын іске асыру үшін қалыптастырылды және 2025 жылға қарай орнықты экономикалық өсуді кемінде
5% деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған.