ERI сарапшылары мемлекеттік органдар үшін

26.10.2021

ERI реттеушілік әсерге талдау жүргізу практикасы бойынша оқыту онлайн-семинарларын өткізді

 

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшылары орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін онлайн-форматта реттеушілік әсерге талдау (РӘТ) жүргізу практикасы бойынша семинарлар өткізді. Оқыту бағдарламасын Экономикалық зерттеулер институты ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Семинардың ашылуында ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Ерік Жамбылов сәлемдесу сөзімен сөйлеп, Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлік қызметті артық мемлекеттік реттеуді қысқарту бойынша дәйекті саясат жүргізіп жатқанын атап өтті.

 

"Бүгінде РӘТ институты орынсыз және тиімсіз реттегіш құралдарды енгізуге кедергі болып отыр", — деп атап өтті ол.

 

Алғаш рет онлайн-семинарлар қатысушылардың екі түрлі тобы үшін өткізілді: "жаңадан бастағандар үшін" және "жалғастырушылар үшін".

 

Семинар барысында РӘТ институтының қалыптасуының заңнамалық негізіне, РӘТ рәсімін өткізу тәртібіне, РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылауды өткізу тәртібіне қатысты мәселелер қаралды.      

 

РӘТ нысанының әрбір қадамын егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, талдамалық нысанды толтыруға ерекше назар аударылды. Қатысушылар сондай-ақ реттегіш құралдарды қайта қарау тәртібін қарап, қолданыстағы реттегіш құралдардың тиімсіздігі өлшемшарттарымен танысты.

 

Онлайн-семинарға орталық мемлекеттік органдардың 70-ке жуық қызметкері қатысты.

Оқытуды ERI орталығының сарапшылары Айгүл Асенова, Динара Мұқышева және Лейла Зетова жүргізді.

 

_____


Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748
бұйрығымен бекітілген. 

 

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 83-бабының 1-тармағына сәйкес "кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және онымен байланысты талаптардың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі реттеушілік әсерді талдау (РӘТ) болып табылады".

РӘТ мақсаты "белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе нақты айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру" болып табылады.

 



Қарау саны: 5267
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!