ERI дөңгелек үстелінің спикері: Н. Власова, э. ғ. д.

25.10.2021

ERI-дің "Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы аумақтық-кеңістіктік даму саясатының трансформациясы" дөңгелек үстелінің спикері Наталья Власова өңірдің кеңістіктік даму жүйесіндегі қалалық агломерациялардың дамуын басқарудың ресейлік тәжірибесі туралы әңгімелейді.

 

Власова Наталья Юрьевна — экономика ғылымдарының докторы, Урал мемлекеттік экономикалық университетінің мемлекеттік және муниципалды басқару кафедрасының профессоры, Ресей. РФ жоғары кәсіби білім беру ісінің құрметті қызметкері. Экономикалық ғылымдар бойынша РФ Ңылым және жоғары білім министрлігі жанындағы РФ ЖАК сараптамалық кеңесінің мүшесі, Урал мемлекеттік экономикалық университеті жанындағы үш диссертациялық кеңестің мүшесі. "Өңірлік зерттеулер" ғылыми журналы мен "Муниципалитет: экономика және басқару" ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі.

Баяндама: "Өңірді кеңістіктік дамыту жүйесінде қалалық агломерацияларды дамытуды басқарудың ресейлік тәжірибесі"

Ресейде аумақтық жоспарлау жүйесіндегі қалалық агломерациялар сияқты кеңістіктік жүйелерді есепке алу тәжірибесі кеңес дәуірінен бері келе жатыр. Алайда, бүгінде заманауи сын-тегеуріндер мен жағдайларды, өңірлік және экономикалық дамудың жаңа үрдістерін ескере отырып, қалалық агломерацияларды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру қажет.

РФ Үкіметі деңгейінде қалалық агломерацияларды дамытудың маңыздылығы бірнеше рет атап өтілді, бірақ агломерацияны дамытудың ауқымды тәжірибесі әлі де жоқ.

Свердлов облысында қалыптаса бастаған тәжірибе ерекше болып табылады.


Екатеринбург қалалық агломерацияның институтционалдық ресімделуіндегі маңызды қадам және нақты басқару тетіктерін қалыптастырудың бастамасы Свердловск облысының 14 муниципалды басшысының 2020 жылғы қарашада "Екатеринбург қалалық агломерациясын дамыту шеңберінде жергілікті өзан-өзі басқару органдарының өзара іс-қимылы туралы келісімге" қол қою болды. Келісімнің нысаны инфрақұрылымдық даму және тұрғын үй құрылысы саласындағы муниципаларалық/ агломерациялық жобаларды дайындау үшін муниципалды құрылымдардың өзара іс-қимылы болып табылады.


Қала әкімшілігі облыс үкіметінің қолдауымен муниципалитеттердің кем дегенде екі муниципалитеттің мүдделеріне жауап беретін, сонымен қатар агломерацияның оң әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін мемлекетаралық жобаларды әзірлеу және таңдау бойынша өзара әрекеттесу алгоритмін жасады.

 

Виртуалды дөңгелек үстелдің тікелей көрсетілімі 27 қазан күні сағат 15: 00-де (Нұр-Сұлтан қ. Уақыты бойынша) Қазақстанның Экономикалық зерттеулер институтының ресми Youtube-арнасында және  @economic.research.kz. Facebook-арнасында өтеді.

Іс-шара туралы толығырақ мына жерден оқыңыз



Қарау саны: 5329
Сақталған: 28.10.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!