ERI "АБҚО" КЕАҚ-пен ТДМ ілгерілету саласында
28.10.2021
21 қазанда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.ERI Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов "АБҚО" КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диаспен меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандары анықталды, олар мыналарды қамтиды: — тұрақты даму саласындағы саясатты әзірлеу және зерттеулер жүргізу бойынша бірлескен іс-шаралар мен жобаларды, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып жүзеге асыру; -— тұрақты даму жүйесі шеңберінде әзірленген біліммен, құзыреттілікпен және табысты практикамен өзара алмасу; — тұрақты жобалар туралы хабардарлықты және салалық түсінікті арттыруға бағытталған білім алмасуды қолдау және тұрақтылық мәселелері бойынша түрлі іс-шараларды бірлесіп өткізу. Сондай-ақ, Экономикалық зерттеулер институты мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы өзара ұйымдастырушылық, консультациялық және ақпараттық-талдамалық қолдау туралы уағдаласты.
—— "АБҚО" КЕАҚ Қазақстандағы мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру, грант беру қызметінің ашықтығының үлкен дәрежесін қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Оның қызметінің негізгі түрлері ҮЕҰ-ның мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарын беру және олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Жалғыз акционері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып табылады.
Қарау саны: 5298 |
|
|