Қазақстан балаларының әл-ауқат индексі
29.10.2021
Қазақстан балаларының әл-ауқат индексі ҚР-да балалардың құқықтарын кеңейту мен қорғауды қамтамасыз етедіERI сарапшылары The Astana Times газетіне Индекстің дамуы туралы айтып берді. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың сарапшылары The Astana Times журналистіне Қазақстан балаларының әл-ауқаты индексінің әдістемесін әзірлеу туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтан-Балалардың әл-ауқат индексі Қазақстанға балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық бағдардың тиімділігін арттыруға көмектеседі, деп хабарлайды "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшылары The Astana Times басылымына. Индексті ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен Экономикалық зерттеулер институты әзірлейді. БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) индексті әзірлеу бойынша техникалық қолдау көрсетеді. 2020 жылғы қазанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2022 жылдан бастап ұлттық мониторингтік тетік — Қазақстандағы балалардың әл-ауқаты индексін әзірлеп, енгізуді ұсынды.
Талдау жүргізу үшін сарапшылар әлемдік тәжірибеде кеңінен таралған және қолданылатын балалардың әл-ауқаты индекстерін (10-нан астам әлемдік индекстер зерттелді), сондай-ақ балалардың әл-ауқаты саласындағы отандық зерттеулерді зерттеді. Индексті есептеу әдістемесінің жобасы аяқталды. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесі индексті әзірлеуге техникалық қолдау көрсетеді. Қазақстан балаларының әл-ауқаты индексінің әдістемесі төрт бағыттан тұрады: "бала", "отбасы және қоғам", "елдегі жағдай", "мемлекеттік саясат". Әр бағытта ел үшін ең өзекті (маңызды) индикаторлар таңдап алынды (56 индикатор), олар жалпы балалардың әл-ауқатында көрініс табады: балалардың лайықты өмір сүру жағдайларына, білімге, денсаулық сақтауға, инфрақұрылымға, зорлық-зомбылықтан қорғауға және әлеуметтену мүмкіндіктеріне қол жеткізуі. "Бала" бағыты — баланың физикалық және психологиялық денсаулығын және оның жеке дағдыларын бағалайды. Үш құрамдауыштан тұрады: "Психологиялық әл-ауқат", "Физикалық денсаулық" және "Дағдылар". "Отбасы және қоғам" бағыты — баланың басқалармен, атап айтқанда отбасымен, достарымен, мектебімен өзара қарым-қатынасын, жұмыс берушінің балалармен қызметкерлерге қарым-қатынасын және т. б. бағалайды. Төрт құрамдауыштан тұрады - "Отбасы", "Үй ресурстары", "Жұмыс беруші" және "Әлеуметтену". "Мемлекеттік саясат" бағыты — білім беру, денсаулық сақтау қызметтерін алу жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ отбасылық саясатты дамыту бөлігінде мемлекеттік саясатты бағалайды. Үш құрамдауыштан тұрады: "Білім беру", "Әлеуметтік саясат", "Денсаулық сақтау".
Институт пен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті халық арасында Балалардың әл-ауқаты индексінің әдістемесін түсіндіру және апробациялау бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізді. 1000-нан астам сарапшылардың, ҮЕҰ, ата-аналардың, педагогтардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен онлайн және офлайн талқылаулардың екі раунды өткізілді. "Талқылау барысында жеке алынған индикаторларға, индекс атауы мен есептеу әдістемесіне қатысты сындарлы сын айтылды. Мысалы, бастапқыда индекс "Қазақстан балаларының бақыт индексі" (немесе қысқаша ҚББИ) атауына ие болған, сондықтан бұл индекс әрдайым балалармен байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген сарапшылар мен ата — аналар "бақыт" — бұл эфемерлік ұғым және оны бағалау мүмкін емес деп есептеді, сондықтан Қазақстан балаларының әл-ауқат индексін (ҚБӘИ) атау туралы шешім қабылданды", - деп атап өтті Институт сарапшылары. Индикаторлардың бастапқы жиынтығы сарапшылар мен жұртшылықтың 120-дан астам ұсыныстарына және мүдделі тараптардың талаптарын ескере отырып, 18 мыңнан астам адам қатысқан онлайн-дауыс беру нәтижелеріне байланысты түзетілді. Индекс әдістемесінің жобасын апробациялау мүмкіндігі үшін қыркүйек айында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Институтпен бірлесіп еліміздің он өңірінде Балалардың әл-ауқаты индексі әдістемесі жобасының сауалнама индикаторларын тестілеуді өткізді. "ЮНИСЕФ Инноченти (Innocenti, Италия) зерттеу ұйымы Health MediaLab Institutional Review Board (Вашингтон) халықаралық ұйымында индексті әлеуметтік зерттеу әдістемесін этикалық мақұлдауға көмектесті", — деп толықтырды Институт сарапшылары.
Түпнұсқа нұсқасын (ағылшын тілінде) басылым сайтында сілтеме бойынша оқу
Мақаладағы негізгі тезистер-біздің Telegram-арнада сілтеме бойынша
Қарау саны: 5713 |
|
|