ҰЭМ ШОК дамыту тұжырымдама

04.11.2021

ҰЭМ ШОК ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМА ЖОБАСЫНА БҰҚАРАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ЖҮРГІЗЕДІ

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) жобасын әзірледі.

Құжат Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын, ҚР Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын және 2021 жылғы 26 ақпандағы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.

Тұжырымдама мемлекеттік ресурстар көлемі бойынша шектеулердің болуын ескеретіні, басқа мемлекеттік саясаткерлермен даулар туындаған жағдайда өзара тиімді ымыралар іздейтінін және ШОК дамуы үшін жағдай жасауда барлық ұлттық жобаларға ықпал ететінін атап кеткен жөн.

Құжат бұқаралық талқылау үшін 2021 жылғы 11 қарашаға дейін қолжетімді болады.


ШОК дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты

ШОК дамыту жөніндегі тиімді мемлекеттік саясат мемлекеттің өзара мүдделері мен бәсекеге қабілетті ШОК тоғысында тұр. Бизнес мемлекеттен әділ бәсекелестікке, мүмкіндіктердің теңдігіне, жеке меншікті қорғауға, өзара сенім мен тиімділікті көтермелеуге негізделген әділ, ашық және тұрақты ойын ережелерін күтеді. 

Мемлекеттің ШОК-тан күтуі салалық және кеңістіктік дисперсия, микро, шағын және орта кәсіпорындардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортақ мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі тұрғысынан ШОК-тың әртектілігін ескере отырып, нақты негізде құрылады. ЭЫДҰ ұсынымдарына сәйкес өсу әлеуеті жоғары кәсіпорындарды ынталандыруға және жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінде өнімділіктің өсуіне басты назар аударылуға тиіс.

Тұжырымдама ШОК-қа қатысты мемлекеттік саясаттағы қажетті жүйелік өзгерістерді анықтайды, шектеулі мемлекеттік ресурстарды бөлудегі «ойын ережелерін» белгілейді және рәсімдейді.

Тұжырымдама шеңберіндегі мемлекеттік саясат даму, өсу және бәсекеге қабілеттілікті көтермелеу парадигмасына сәйкес құрылатын болады, сондай-ақ 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында көзделген қағидаттық өзгерістерге, атап айтқанда:

 – патернализмнен жеке жауапкершілікке,

 – сандық өсу басымдығынан сапалы және тұрақты өсу үшін жағдайлар жасауға,

 – мемлекеттің экономикалық қызметін реттеуден жеке бастаманы ынталандыруға және ең аз қажетті реттеуге,

 – орталықтандырылған басқарудан өңірлердің дербестігін арттыруға көшуге сәйкес келетін болады.

   

«Пирамида» қағидаты

ШОК-ты дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдерін «пирамида» қағидаты бойынша айқындайды. ШОК-ты дамытудың мемлекеттік шараларының «пирамидасы» базалық құндылықтарды, институционалдық өзгерістерді және реттеушілік саясатты дамытудың қажетті өзгерістерін ескере отырып құрылған.

Пирамиданың негізі

Кәсіпкерлік үшін қажетті қасиеттерді, мінез-құлық пен дағдыларды ынталандыратын білім мен тәрбие жүйесі. Оған функционалдық сауаттылық дағдыларын, кәсіпкерлікті нығайту, ЖОО және ТжКБ оқушыларының стартаптарын көтермелеу және басқа да шаралар кіреді.


Пирамиданың екінші деңгейі

Жетістіктер күрделілігі бойынша жылдам жеңістер мен ұзақ мерзімді өзгерістерге жіктелген институционалдық өзгерістер. Сапалы және тиімді институттар салауатты кәсіпкерлікті жүргізудің негізі болып табылады. Институттардың сапасы, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті мемлекеттік интервенциялардың деңгейін айқындайды. Неғұрлым тиімді институттар нарықтық сәтсіздіктердің аздығы мен тереңдігіне ықпал етеді және сау мен тартымды бизнес-климатты қалыптастырады.

Пирамиданың үшінші деңгейі

ШОК-тың барлық субъектілері үшін тартымды бизнес-ортаны дамыту жөніндегі, ШОК-тың өмірлік циклінің кезеңдері-бизнеске кіру, оны дамыту және бизнестен шығу бойынша құрылған көлденең шаралар. Барлық шаралар мен кезеңдер шеңберінде негізгі жаңашылдық транзакциялық шығындарды қысқарту, мемлекеттің шешімдер қабылдауының ашықтығын арттыру және әкімшілік жүктемені азайту үшін бизнес пен мемлекет қатынастарын цифрландыруға қарай бағытталу болады. Мемлекет пен бизнестің барлық өзара іс-қимылы CRM жүйесінің үлгісі бойынша өзара қарым-қатынастарды басқарудың цифрлық моделіне ауыстырылатын болады.

Жүйе шаруашылық жүргізуші объектілердің мемлекеттік органдардағы деректермен (салық, кеден, сот жүйесі және т.б.) үндестірілген егжей-тегжейлі «цифрлық бейіндерін» қамтитын болады. Барлық деректер бизнестің әрбір  субъектісінің сәйкестендіру нөмірі (БСН) айналасында шоғырланады. БСН қолдана отырып, нақты бизнес субъектісінің мемлекетпен барлық қарым-қатынастарын – аталмыш «цифрлық іздеріне» – мониторинг жүргізіледі, оның негізінде оның бейіні қалыптасады. Біріктірілген бейіндер «бизнеспен қарым-қатынасты басқаруға» қажетті бірыңғай жүйені құрайды.

Аталған цифрлық бейіндер скоринг жүйесінің негізін құрайды, онда қолдау шараларын алу туралы шешімді бюрократиялық аппарат емес, цифрлық платформа алгоритмдері қабылдайтын болады. Скоринг ШОК дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттарға сәйкес бейінді органдар (ҰЭМ) берген өлшенетін өлшемшарттар негізінде жүргізілетін болады. Өлшемшарттардың мысалдары: оң салық тарихы, экономикалық күрделілік және экспорт динамикасы, сапалы жұмыс орындарының болуы және үлесі.

 

Пирамиданың жоғарғы деңгейі

ШОК субъектілерінің топтары бойынша сараланған тікелей мемлекеттік араласу. 

Микробизнес 

Халықты ерікті кәсіпкерлікке тартудың алғашқы қадамы. Бұл кезеңде бизнесті жүргізудің қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы маңызды, бұл адамдарды жаңа бизнесті құру арқылы да, оны бейресми сектордан шартты секторға ауыстыру арқылы да кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыруға итермелейді. Оқыту басымдығымен қаржылық емес ынталандырулар, қоса қаржыландыру шарттарында гранттарға қол жеткізуді беру ұсынылатын болады. Мемлекеттік даму шараларын нақты есепке алу және атаулылығын қамтамасыз ету үшін ЖК үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірлері енгізіледі.

Шағын бизнес

Сапалы жұмыс орындарын құрудың негізгі көзі. Мемлекеттің назарында экономиканың сауда секторларында өсіп келе жатқан кәсіпорындар болады. Өндірістік, инновациялық және креативті инфрақұрылымға, консультациялық қызметтерге, инновациялық қолдауға қол жеткізуді ұсыну бойынша «топтамалық шешімдер» ұсынылады. Салықтық оң серпіні бар кәсіпорындар үшін қаржы құралдары: гранттар, шығыстарды өтеу, жеңілдікті кредиттер қолжетімді болады.

Орта бизнес

ҰДЖ 2025 шеңберінде ШОК дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттарының басымдығы. Негізгі мақсат – өсу мен экспорттың жоғары әлеуеті бар шағын және орта компаниялар санының тұрақты өсуі, институционалдық бұрмалаусыз, бизнестің өсуі мен іріленуі үшін жазалау. Олар мемлекет тарапынан даму құралдарының бүкіл портфеліне қол жеткізе алады.

Мемлекеттік даму шараларының бүкіл пирамидасы бойынша өтпелі көлдеңен шарт – бұл орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілікті орталықсыздандыру.

Орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілігіне институционалдық реформалар жүргізу, мемлекеттік саясатты, ШОК-ты дамытуды республикалық бюджеттен қаржыландыру басымдықтарын әзірлеу, ШОК-ты дамытуды ынталандыру шараларының топтамаларын және даму институттары қызметінің жалпы шекті қағидаларын айқындау кіреді. Елдің стратегиялық мақсаттарымен айқындалған «өсу нүктелерінде» ШОК дамыту үшін олар сапалы инфрақұрылымның (индустриялық және креативті аймақтардың) артық ұсынысын құруға шоғырланады. Мамандандырылған инфрақұрылымның артықшылықтарын фискалдық ынталандырулармен үйлестіретін еркін экономикалық аймақтар орталық мемлекеттік органдар мен республикалық даму институттарының жауапкершілігі болып қала береді.

Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігіне ШОК-ты дамытуды ынталандыру шараларының топтамаларын пайдалана отырып және осы мақсаттарға бөлінген республикалық бюджет қаражаты шеңберінде ШОК-ты дамытудың мемлекеттік саясатында айқындалған қағидаттар мен басымдықтарға сәйкес өз аумағында дамыту кіреді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет шеңберінде ШОК дамыту бойынша қосымша шараларды дербес қабылдауға құқылы.

Микробизнес

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас компаниялар мен стартаптар үшін негізінен қаржылық емес ынталандырулар мен құралдар ұсынылады. Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға ерекше назар аударылатын болады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіпкерлік қызметке тарту үшін көмек технологияларын қаржыландыруды қоса алғанда, бизнесті іске қосуды қаржыландыру үшін жеке қор құрылатын болады.  

 

Малый бизнес

Ішкі және сыртқы нарықта кеңею әлеуетіне ие жылдам өсіп келе жатқан шағын бизнес өңірлік даму институттарының назарында болады. Олар үшін жеке ынталандырулар мен құралдар, сондай-ақ дайын өндірістік үй-жайлар мен құрылыстар түрінде мамандандырылған аймақтар мен паркттердегі өндірістік, инновациялық және креативті инфрақұрылымға қолжетімділікті, компанияның менеджменті мен персоналын оқытуды, өндіріс тиімділігін арттыру және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі консультациялық қызметтерге қолжетімділікті қоса алғанда, стандартталған «топтамалық шешімдер» ұсынылады. Өсу әлеуеті жоғары инновациялық стартаптарды атаулы қолдау енгізілуі тиіс.


Оң салық тарихы және сапалы рейтингі бар кәсіпкерлер даму үшін ынталандырулар мен құралдардың неғұрлым кең спектріне сенім артуға құқылы. Мұндай компаниялар үшін «топтамалық шешімдер» шеңберінде даму үшін қаржы құралдары: гранттар, шығыстарды өтеу, жеңілдікті кредиттер ұсынылуы тиіс.

 

Орта бизнес

Ұлттық басымдықтар мен ҰДЖ 2025 мәнмәтінінде ШОК-ты дамытудың негізгі бағыты жоғары өнімділік жолындағы кедергілерді анықтау мен жоюға және экономиканың шикізаттық емес сауда секторларындағы тәуелсіз орта компаниялардың өсуіне шоғырландырылатын болады. Тұрақты өсіп келе жатқан экспортқа бағдарланған орта бизнес орта кәсіпорындарды дамыту үшін құралдардың ең жоғары портфеліне қол жеткізе алады. 


Бұған дейін қолданыста болған «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының жетістіктері мен сабақтарын ескере отырып, «Бәсекеге қабілеттілік (Конкурентоспособность) Ұлттық чемпиондар 2.0» бастамасын іске асыру оларды дамытуға бағытталатын болады. Бастамаға қатысушылар үшін мемлекеттің қатысу үлесі мен деңгейінің аражігін нақты ажырататын арнайы шаралар кешені («топтамалық шешімдер») ұсынылуға тиіс. Кеңейтілген топтама соның ішінде тікелей қаржылық және фискалдық ынталандыруларды, шетелдік консультанттарды тартуды қоса қаржыландыруды, сыртқы нарықтарда қолдауды қамтуы мүмкін. 


Елдің экономикалық дамуының жаңа моделін және кәсіпкерліктің жаңа күн тәртібін ескере отырып, мемлекеттік қолдау жүйесін неғұрлым дәл теңшелеу кәсіпкерлік қоғамдастыққа ШОК-ты дамытудағы басымдықтар туралы неғұрлым нақты сигналдар жіберуге және бәсекеге қабілеттілік пен өнімділіктің өсуін ынталандыруға, бизнесті ірілендіру жолындағы кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Түптеп келгенде, бұл ел экономикасының өзін-өзі қамтамасыз етуін әртараптандыру және орнықтылықты арттыру үшін қажетті жағдайлар жасайды.


ШОК дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізудегі жаңа тәсіл ЖІӨ-дегі ШОК үлесін 2025 жылға қарай 35% - ға дейін, оның ішінде орта бизнес үлесін 15% - ға дейін (2019 жылғы 6,2% - дан) ұлғайту бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. 



ҚР-да шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдама жобасы Ресми серіктес – ел дамуының түйінді институты «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қолдауымен дайындалған. 


«Бәйтерек» холдингі 2013 жылғы 23 мамырда ҚР Президентінің Жарлығы бойынша құрылған және еншілес ұйымдар арқылы ірі, орта және шағын бизнесті, елдің агроөнеркәсіп кешені субъектілерін, отандық экспорттаушыларды қолдайды және тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз етеді.


 

 



Қарау саны: 5847
Сақталған: 04.11.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!