ERI дөңгелек үстелінің спикері: Р. Могилевский, ф.-м. ғ. к.

26.10.2021

ERI-дің "Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы аумақтық-кеңістіктік даму саясатының трансформациясы" дөңгелек үстелінің спикері Роман Могилевский Қырғызстандағы урбандалу туралы әңгімелейді. 

Роман Могилевский-физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Мемлекеттік басқару және саясат институты директорының орынбасары және аға ғылыми қызметкері, Орталық Азия Университеті, Бішкек, Қырғызстан.


Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдерінде макроэкономика, мемлекеттік қаржы, халықаралық сауда, еңбек нарығы, әлеуметтік саясат
мәселелері бойынша зерттеулермен айналысады және көптеген жарияланымдары бар. Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттік органдарының және көптеген халықаралық ұйымдардың, соның ішінде Дүниежүзілік Банктің, Азия Даму Банкінің, БҰҰ Даму Бағдарламасының, БҰҰ Балалар қорының, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының консультанты ретінде жұмыс тәжірибесі бар.

 

Қырғызстандағы урбандалу: ерекше үрдістер және олардың ықтимал түсіндірмелері


Қырғызстан 2020 жылы қала тұрғындарының жалпы халық санындағы үлесі 50 жыл бұрынғыға қарағанда төмен болған әлемдегі санаулы елдердің қатарына жатады
. Сол уақыт аралығында ел астанасының қала халқы санындағы үлесі 31% - дан 47% - ға дейін өсті.

 

Жұмыста экономиканың салалық құрылымындағы өзгерістердің, еңбек өнімділігінің, сыртқы және ішкі көші-қонның, әлеуметтік және климаттық жағдайлардың Қырғызстандағы урбандалу деңгейіне әсері қарастырылады. Урбандалу жылдамдығының қалаларда өнімді жұмыс орындарын құруға тәуелділігі туралы қорытынды жасалды.


Виртуалды дөңгелек үстелдің тікелей көрсетілімі 27 қазан күні сағат 15: 00-де (Нұр-Сұлтан қ. Уақыты бойынша) Қазақстанның Экономикалық зерттеулер институтының ресми Youtube-арнасында және  @economic.research.kz. Facebook-арнасында өтеді.

Іс-шара туралы толығырақ мына жерден оқыңыз



Қарау саны: 5199
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!