ERI дөңгелек үстелінің спикері: Н. Нұрланова, э. ғ. д.

26.10.2021

ERI-дің "Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның аумақтық-кеңістіктік даму саясатының трансформациясы" дөңгелек үстелінің спикері Наиля Нурланова "Инклюзивтілік Қазақстанның болашақ өңірлік дамуының басымдығы ретінде" тақырыбында баяндама жасайды. 

Наиля Нурланова-экономика ғылымдарының докторы, PhD докторы (York University, 2008 ж.), профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының кеңесшісі.

Бағдарламалар, гранттар және халықаралық жобалар шеңберіндегі іргелі және қолданбалы зерттеулердің ғылыми жетекшісі
. 400-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 жеке монографияның, Н.К. Нурланованың қатысуымен және оның редакциясымен жарық көрген 9 кітаптың, ұжымдық монографияларда 40-қа жуық бөлімнің авторы. "Елдің зияткерлік әлеуеті" 5-ші басымдық бойынша ҰҒК мүшесі (2011-2014 жж.). ҚР БҒМ "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі (2005 ж.).

Баяндама: "Инклюзивтілік Қазақстанның болашақ өңірлік дамуының басымдығы ретінде".


COVID-19 пандемиясының және 4.0 Индустриясы үрдістерінің әсерінен бүкіл әлемде теңсіздік мәселелері күшейе түсті. Пандемия өңірлердің әлеуметтік-экономикалық саралануының ұлғаюына және Қазақстандағы халықтың түрлі топтарының теңсіздігінің өсуіне айтарлықтай әсер етті.
Өңірлік теңсіздік проблемасын шешу және ресурстарды, игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді әділ бөлуді қамтамасыз ету Қазақстанның экономика мен әлеуметтік саланың инклюзивті өңірлік даму моделіне көшуі арқылы мүмкін болады.

Қазақстанның инклюзивті өңірлік даму қағидаттарын іске асыру "өсу нүктелерін" ынталандыру, инклюзивті инновацияларды тарату, халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыру, оның экономикалық процестерге неғұрлым біркелкі қатысуы үшін мемлекеттің рөлін арттыруды талап етеді.




Қарау саны: 5232
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!