Анонс: X Азаматтық форум
19.11.2021
"Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумы БҰҰДБ-ның панельдік сессиясы: "БҰҰ-ның Тұрақты Даму Мақсаттары-Қазақстанның болашақ бейнесі" 22 қарашада сағат 10:00-де Алматыда "Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумы өтеді. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп "БҰҰ-ның Тұрақты Даму Мақсаттары – Қазақстанның болашақ бейнесі" Панельдік сессиясының ұйымдастырушылары болып табылады. Іс-шараның мақсаты: Тұрақты даму мақсаттарын одан әрі дамытуға және олардың қоғамдық институттардың әлеуетін нығайту және Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын енгізуге азаматтық қоғамды тарту кезінде Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегияларына үлесін қосу.
Спикерлер:
Модераторлар:
Форумға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, азаматтық белсенділер қатысады.
——— 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібін қабылдады, оған тұрақты даму саласындағы 17 мақсат (ТДМ) кіреді. БҰҰ-ға мүше басқа мемлекеттер сияқты Қазақстан да өзінің қазіргі және болашақ ұрпақтары үшін тұрақты дамуға қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеттемесін өзіне алды. 2018 жылы БҰҰ агенттіктері мен Азия даму банкінің қолдауымен Қазақстан үйлестіру кеңесін, бес жұмыс тобын (адамдар, жер, өркендеу, бейбітшілік, әріптестік) және Үйлестіру кеңсесін қоса алғанда, 2030 жылға арналған ТДМ мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін институционалдық архитектура енгізді. Қазақстанның ТДМ саласындағы ұлттық тәсілдемесі және жетістіктері 2022 жылғы шілдеде БҰҰ Ассамблеясында Жоғары деңгейдегі саяси форумда Ерікті ұлттық шолу нысанында ұсынылатын болады.
Қарау саны: 5187 |
|
|