ҚР-дағы туризмнің тұрақты дамуы

18.11.2021

"Қазақстанның туристік секторында тұрақты өндіріс пен тұтыну практикасын ілгерілету және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті орнату" тақырыбындағы дөңгелек үстел

ТДМ жөніндегі Хатшылық ТДМ саласындағы саясат пен практиканы іске асырудағы мемлекеттік органдардың рөлі, сондай-ақ туризм саласы үлгісінде тұрақты өндіріс пен тұтынуды дамытудың қазіргі тосқауылдары мен мүмкіндіктері туралы айтып берді. 

Қазақстанда тұрақты туризмді дамыту бойынша дөңгелек үстел: 17 қарашада Алматыда мемлекеттік құрылымдар және ШОК-пен диалог өтті.

 

Конференцияға қатысушылар еліміздің "жасыл экономика" рельстеріне көшу аспектілерін қарастырып, туристік секторда тұрақты тұтыну және өндіріс тәжірибесін енгізу саласында тәжірибемен және біліммен алмасты.

 

Пікірталастың негізгі мәселелері:

  • Тұрақты тұтыну мен өндіріс жасыл экономикаға және төмен көміртекті дамуға көшудің тетігі болып табыла ма?
  • Туристік секторда тұрақты тұтыну мен өндірудің саясаты мен практикасы қандай?
  • Тұрақты даму саласындағы саясат пен практиканы іске асыруда мемлекеттік органдардың рөлі қандай?
  • Ұлттық және шетелдік сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, табысты кейстерді таныстырды. 

Конференцияда ҚР-дағы ЕО Өкілдігінің Ынтымақтастық жөніндегі басшысы Йоханнес Стенбаек Мэдсен, "Kazakh Tourism" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев, SWITCH-Asia бағдарламасының негізгі сарапшысы Зикрина Зульфира, ERI ТДМ жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Ерлан Каримов, ЭКОТЕК жобасының жетекшісі Хуан Гаскон, Еуропалық эко және агротуризм орталығының (Нидерланды) директоры Наут Кустерс сөз сөйледі.

 

Іс-шараға "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) ТДМ жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Ерлан Кәрімов қатысты.


ERI сарапшысы Қазақстанда ТДМ іске асыруды ілгерілету аясында ведомствоаралық жұмыс топтарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Оның таныстырылымы ТДМ-ды елде іске асырудың институционалдық негіздері, ТДМ мен туризм саласы мәселелерін қамтитын ұлттық жобалар, сондай-ақ тұрақты өндіріс пен тұтынуды дамытудың қазіргі кедергілері мен мүмкіндіктері туралы ақпаратты қамтыды.


"ЖІӨ-дегі туризм көлемінің өсуі 8,4 трлн теңгеге немесе 2025 жылға қарай кемінде 8% - ға жетуі тиіс", - деп атап өтті спикер.

 

Ерлан Кәрімов COVID-19-дың экономикаға, атап айтқанда, ҚР-дағы туризм саласына әсері туралы айтып берді, сондай-ақ "Кәсіпкерлікті дамыту туралы" 2025 жылға дейінгі Ұлттық жобада көзделген туризм саласын қолдаудың негізгі шараларын атап өтті.

 

Йоханнес Стенбаек Мэдсен, ҚР-дағы ЕО Өкілдігінің Ынтымақтастық жөніндегі басшысы Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық әріптесі болып табылатынын, сондықтан ЕО ҚР-мен экономиканы өндіріс пен тұтынудың неғұрлым тұрақты әдістеріне көшіру бойынша ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.

 

"Біз өмір сүріп жатқан жер ата-бабаларымыздан емес, болашақ ұрпағымыздан алынды. Сондықтан біз өз жерімізді келер ұрпақтың өмірі үшін таза әрі ұқыпты қалдыруға тиіспіз", - деді "Kazakh Tourism" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

   

SWITCH-Asia бағдарламасының негізгі сарапшысы Зикрина Зульфира елімізде тұрақты туризм саласында іске асырылып жатқан жобалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді, туризм саласын дамытудың тұрақты үрдістеріне оң әсер етуі мүмкін табысты кейстер туралы айтты.

 

Еуропалық эко және агротуризм орталығының (Нидерланды) директоры Наут Кустерс ЕО-да қолданылатын экологиялық таза өндірісті енгізудің озық әдістері туралы білімімен бөлісті және "циркулярлы экономика" құралдарын енгізу тәжірибесімен бөлісті.

 



Қарау саны: 5256
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!