ТДМ бойынша панельдік сессияның спикері: Виталий Времиш
19.11.2021
"Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумы БҰҰДБ-ның панельдік сессиясы: "БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары-Қазақстанның болашақ бейнесі" БҰҰДБ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш 22 қараша күні сағат 10:00-де Алматыда өтетін "Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумында спикер болады. Спикер өз сөзінде екі негізгі мәселені ашады:
БҰҰДБ Қазақстанды 2015 жылы қабылданған сәттен бастап Тұрақты Даму Мақсаттарын іске асыруда қолдайды. Өзінің жаһандық сарапшылар желісі арқылы және өз мандатына сәйкес БҰҰДБ Қазақстандағы ықпалдастық, саясатты жеделдету және қолдау (MAPS) бойынша талдау жүргізуді қаржыландырды, бұл елде ТДМ іске асыру үшін басым салаларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, БҰҰДБ негізгі мемлекеттік субъектілер арасында ТДМ туралы хабардарлықты арттыру мақсатында ұлттық мекемелермен әріптестік қатынастар орнатты.
Виталий Времиш 2018 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары болып табылады. Бұған дейін ол БҰҰДБ-ның Түрікменстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары қызметін атқарды (2014 жылдан бастап). Виталий Времиш сондай-ақ Өзбекстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасарының міндетін атқарушы лауазымын атқарды (2014 ж.) және Хорватиядағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің көмекшісі болып жұмыс істеді (2011-2014 жж.). 2010 жылы сарапшы Нью-Йорктегі Еуропа және ТМД елдері бойынша БҰҰДБ Өңірлік бюросында бағдарлама менеджерінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. БҰҰДБ жұмысына дейін Времиш Мырза Молдовадағы "Білім беру консалтингі орталығы" ҮЕҰ атқарушы директоры болған. 2004 жылдан бастап Молдовадағы БҰҰДБ кеңсесінде Демократиялық басқару мәселелері жөніндегі бағдарламаның маманы болып жұмыс істеді. Молдова мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқару саласында магистр дәрежесіне, сондай-ақ Молдова Экономикалық зерттеулер академиясының экономика саласында дәрежесіне ие. ———
Форум туралы толығырақ мына жерден оқыңыз
Қарау саны: 5200 |
|
|