ҚР заң жобалары әрекетінің салдарын бағалау
19.11.2021
ҚР заң жобалары әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларына бағалау жүргізу сапасын арттыру 17 қарашада "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) орталығы "Қазақстан Республикасы заң жобалары әрекеттерінің әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалауды жүргізу сапасын арттыру" тақырыбында практикалық онлайн-семинар өткізді. ERI Басқарма төрағасының орынбасары Әлихан Абақанов сәлемдесу сөзімен сөйледі. Модератор ретінде ERI Орталығының директоры Салтанат Ахметжанова болды, ERI Орталығы директорының орынбасары Ксения Загал баяндама жасады. Семинарға заң жобаларын әзірлеумен айналысатын 22 мемлекеттік органның қызметкерлері қатысты. Заң жобасын әзірлеу кезінде әзірлеушілер Паспортты толтырады, ол заң жобасы шешуге бағытталған проблема, оның мақсаттары мен міндеттері, әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау және т.б. туралы ақпараты бар құжат болып табылады. Паспортты толтыру кезінде әзірлеуші Заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алады.
Семинар барысында қатысушылар туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасының жекелеген нормаларын қарастырды, оның мысалында әзірлеуші мемлекеттік органдар баяндамашымен бірге Паспорттың бөлімдерін толтырды. Қаралған мысал заң жобаларын әзірлеушілерге мемлекет үшін де, бизнес үшін де, халық үшін де пайда мен шығасыларға дербес талдау жүргізуге мүмкіндік берді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға Паспортты толтырудың жеке мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.
Қарау саны: 5071 |
|
|