Депутат Елдос Абақанов
24.11.2021
"Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумы II-бөлім. Депутат Елдос Абақановтың ҚР жасыл экономикасындағы перспективалар мен сын-тегеуріндер туралы баяндамасы.ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі Елдос Абақанов "Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумында спикер болды. БҰҰДБ – ның "БҰҰ-ның Тұрақты Даму Мақсаттары-Қазақстанның болашақ бейнесі" панельдік сессиясында депутат Қазақстанның жасыл экономикасындағы пайдасы, перспективалары мен сын-тегеуріндері және экологиялық қатынастарды қолдау мен реттеуге бағытталған заңнамалық нормалар туралы айтып берді.
Спикер тұрақты даму қағидаттары қайдан басталатыны туралы айтты. Тұрақты даму тақырыбы үш негізгі тіректі қамтиды: экономикалық даму, әлеуметтік даму және қоршаған ортаны қорғау мәселелері. "Маңызды оқиға: 1991 жылы Рио-де-Жанейрода Тұрақты даму бойынша алғашқы декларация қабылданды. Осыдан кейін бүкіл әлемдік қауымдастық өзі үшін дамудың маңызды басымдықтарын айқындады", — деді Елдос Абақанов. Біздің еліміз үшін өңірлік және климаттық ерекшеліктерімізді, оның ішінде экономика құрылымын ескере отырып, уақыт өте келе "жасыл" экономикаға көшу маңызды. Бұл үшін негізгі алғышарттар 90-шы жылдары жасалды. Алдымен ҚР экологиялық-экономикалық дамуының бірінші стратегиясы қабылданды. 2013 жылы ҚР-дың "жасыл" экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді.
Мемлекет басшысы соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. 2030 жылға дейін елімізде ЖЭК-тің 10% үлесіне қол жеткізу мақсаты айтылды. Бүгінде бұл көрсеткіш шамамен 3% - ды құрайды. "Мәжіліс д епутаттары заңнамалық базаны қалай дамыту керектігін үнемі қадағалап отырады, талқылайды және ойлайды. Біздің соңғы бастамаларымыздың бірі-электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға қатысты заң жобасы. Сондай-ақ, "жасыл" мемлекеттік сатып алуды дамытуға байланысты жекелеген мәселелер қарастырылуда. Өткен аптада екінші оқылымда "Өнеркәсіптік саясат туралы" Заң қабылданды, онда көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы жеке бап бар — "Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу шаралары", — деп қосты спикер.
X Азаматтық форумда талқылау барысы туралы материалдың I бөлігін мына жерден оқыңызБұл туралы Біздің Telegram арнамызда сілтеме бойынша оқыңыз
Қарау саны: 5207 |
|
|