ТДМ бойынша панельдік сессияның спикері: депутат Елдос Абаканов
20.11.2021
"Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумыБҰҰДБ-ның панельдік сессиясы: "БҰҰ-ның Тұрақты Даму Мақсаттары-Қазақстанның болашақ бейнесі" ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Елдос Абақанов 22 қараша күні сағат 10:00-де Алматыда өтетін "Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" X Азаматтық форумында спикер болады. Спикер Қазақстанның жасыл экономикасындағы артықшылықтар, перспективалар мен сын-қатерлер туралы және экологиялық қатынастарды қолдау мен реттеуге бағытталған заңнамалық нормалар туралы әңгімелейді. Қазақстанның экологиялық бағдарланған экономиканы қалыптастыруға бағытталуы 2013 жылы бекітілген Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдамасында бекітілген. Тұжырымдаманың өршіл мақсаттарын іске асыру үшін бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілер (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жаңартылатын энергия көздерін қолдау және т.б. туралы) қабылданды. Жаңа Экологиялық кодекс әзірленіп, қабылданды. Экономикалық ынталандыру тетіктері мен құралдары да қолданылады. Қазақстанның "Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау" 13 ТДМ-ге қол жеткізудегі прогресі
Елдос Абақанов-2021 жылғы қаңтардан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің VІI шақырылымының депутаты. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы" ЗТБ жобалар менеджері және "ҚР энерготиімділік және ресурс үнемдеу қоғамдық палатасы" ЗТБ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Құрылыс материалдарын, конструкциялар мен бұйымдарды өндіру" мамандығы бойынша магистрі және "Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану" мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі. Энергия үнемдеу, жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Еуропа, Азия, ТМД және АҚШ елдерінде тағылымдамадан және біліктілігін арттырудан өтті. "Ерен еңбегі үшін", "Экология саласының үздігі", "Қазақстан Республикасының экология саласына 30 жыл" медальдарымен марапатталған.
— — –
Форум туралы толығырақ мына жерден оқыңыз
Қарау саны: 5099 |
|
|