Заң үстемдігі индексі-2021

18.10.2021

Қазақстан 2021 жылғы Заң үстемдігі индексінде 66-орынға ие болды

Ел өткен жылдың нәтижесімен салыстырғанда үш позицияға көтерілді.


The World Justice Project халықаралық үкіметтік емес ұйымы 2021 жылғы Заң үстемдігі индексінің (The Rule of Law Index) нәтижелерін жариялады.

Заң үстемдігі индексі әлем елдерінің заң үстемдігінің әмбебап қағидаттарына негізделген құқықтық ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан жетістіктері бағаланатын зерттеу нәтижесі болып табылады.


Анықтамалық:

Индекс 8 факторға біріктірілген 44 көрсеткіштен тұрады:

  1. Билік институттарының өкілеттіктерін шектеу.
  2. Сыбайлас жемқорлықтың болмауы.
  3. Ашық үкімет.
  4. Негізгі құқықтарды қорғау.
  5. Тәртіп және қауіпсіздік.
  6. Реттеуші құқық қолдану.
  7. Азаматтық сот төрелігі.
  8. Қылмыстық сот төрелігі.

Көрсеткіштердің мәні 0-ден (ең төмен) 1-ге (ең жоғары) дейінгі шәкіл бойынша бағаланады.

 

2021 жылғы зерттеуде бағаланатын елдердің саны артып, 139 құрады (2020 жылы 128 ел).

Дания Заң үстемдігі индексін 6 жыл қатарынан басқарып келеді. Үздік 5 елдің қатарына Норвегия, Финляндия, Швеция және Германия кіреді.

2021 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан 0,52 балл нәтижесімен 66-орынды иеленді, бұл ретте индексті есептеу әдістемесіне сәйкес ҚР өткен жылы бағаланған 128 елмен салыстыру жүргізілуіне байланысты өткен жылмен салыстырғанда 3 позицияға көтерілді.

 

Қазақстан Малави (67 орын), Индонезия (68 орын), Венгрия (69 орын), Непал (70 орын), Панама (71 орын), Босния және Герцеговина (72 орын), Молдова (73 орын), Украина (74 орын), Бразилия (77 орын), Беларусь (97 орын), Ресей (101 орын) сияқты елдерден алда келеді.

 

Биыл Қазақстан рейтингтің 7 факторы бойынша өз позициясын жақсартты және тек бір фактор бойынша – "Қылмыстық сот төрелігі" позициялары төмендеді.


"Реттеуші құқық қолдану" факторы бойынша Қазақстан 12 позицияға өсім көрсетті, бұл қорытынды рейтингке көп дәрежеде әсер етті. Жақсарту мынадай көрсеткіштер бойынша күшті позициялармен түсіндіріледі:" Үкіметтік нормаларды қолдану " – 60 орын (0,63 балл)," Нормативтік құжаттардың тиімділігі " – 37 орын (0,61 балл)," Әкімшілік іс жүргізуді кідірту " – 27 орын (0,61 балл).

"Ашық үкімет" факторы бойынша ел өз позициясын 5 пунктке жақсартып, 84 орынға ие болды. Жақсару мынадай көрсеткіштер бойынша күшті позициялармен түсіндіріледі: "Шағымдар тетіктері" – 86 орын (0,53 балл), "Заңдар мен үкіметтік деректерді жариялау" – 54 орын (0,52 балл).

"Тәртіп және қауіпсіздік" факторы бойынша өткен жылмен салыстырғанда позицияның 4 пунктке артқаны атап өтілді. Ел мынадай көрсеткіштер бойынша мықты позицияларды иеленеді: "Азаматтық жанжал тиімді шектелген" — 59 — орын (1 балл), "Қылмыс тиімді бақыланады" - 70-орын (0,77 балл).

 

Қазақстанның Заң үстемдігі индексіндегі позициясы (The Rule of Law Index)

 

Rule of Law Index 2020

The Rule of Law Index 2021

Жалпы рейтинг

62 (128 ел)

66 (+3) * (139 ел)

1."Билік институттарының өкілеттіктерін шектеу" факторы

102

108 (+3)

2."Сыбайлас жемқорлықтың болмауы" факторы

57

62 (+2)

3."Ашық үкімет" факторы

81

84 (+5)

4."Негізгі құқықтарды қорғау" факторы

100

107 (+1)

5. "Тәртіп және қауіпсіздік" факторы

39

42 (+4)

6. "Реттеуші құқық қолдану" факторы

65

60 (+12)

7. "Азаматтық сот төрелігі" факторы

40

42 (+3)

8. "Қылмыстық сот төрелігі" факторы

58

68 (-3)

Дереккөзі: WJP Rule of Law Index

 

Ескертпе: Позицияны салыстыру 2020 жылы бағаланған 128 елмен жүргізілді. Позицияны өткен жылмен салыстырғанда жаңа 11 ел  ескерілмеген.  



Қарау саны: 5153
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!