ERI РҒА СБ жанындағы Экономика және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру институтымен

02.12.2021

Бүгін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Ресей Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесінің Экономика және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру институтының Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесімен бірлескен зерттеу жұмысының жоспарына қол қойды.

 

Ынтымақтастық мыналарды көздейді:

- бірлескен зерттеулер мен жобаларды жүргізу

- білім мен табысты тәжірибемен өзара алмасу

- түрлі іс-шаралар мен білім беру семинарларын бірлесіп өткізу

- бірлескен / жеке мақалаларды дайындау және жариялау.

 

РҒА СБ Экономика және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру институты ФМБҒМ - Ресей Федерациясының жетекші ғылыми экономикалық орталықтарының бірі.

 

РҒА СБ ЭӨӨҰИ-ның ғылыми әзірлемелері заманауи зерттеу құралдарына-экономикалық-математикалық әдістер мен модельдерге негізделген. Ресей және әлемдік экономика жүйесіндегі Сібірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен перспективаларын зерттеу ерекше рөл атқарады.


Институт макроэкономика, салалық және өңірлік экономика, экономикалық әлеуметтану, кәсіпорын экономикасы саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің жоғары деңгейімен мықты беделге ие болды.

 

———

ERI халықаралық зерттеу қызметінің түрлі бағыттары бойынша белсенді ынтымақтасады. 2021 жылдың сәуірінде ERI Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының Перспективалық экономикалық зерттеулер орталығымен (ПЭЗО) өзара түсіністік және әріптестік туралы Меморандум жасасты. Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің "Ғылыми-зерттеу экономикалық институты" мемлекеттік ғылыми мекемесімен өзара түсіністік және әріптестік туралы Меморандум жасалды. Ағымдағы жылдың маусым айында ERI мен Ресей Федерациясының "Урал мемлекеттік экономикалық университеті" (УрМЭУ) ЖБ ФМББМ арасында ынтымақтастықтың жұмыс бағдарламасына қол қойылды және бекітілді. Қазан айында Пәкістан экономиканы дамыту институтымен (PIDE) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.



Сондай-ақ оқыңыз: Татарстан ҒА ПЭЗО-мен Меморандум

Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің Ғылыми-зерттеу экономикалық институтымен Меморандум

ERI мен УрМЭУ арасындағы ынтымақтастық



Қарау саны: 5313
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!