Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында ТДМ-ға арналған экспозиция қойылады
8 желтоқсан күні сағат 16: 00-де Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының аумағында Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) арналған инсталляцияның ресми ашылуы өтеді.
Іс-шара елдегі ТДМ-ға қол жеткізу үшін барлық мүдделі серіктестердің күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
Қазақстан 2030 жылға қарай ТДМ-ға қол жеткізу бойынша өзіне алған міндеттемелерге қол жеткізу үшін белсенді жұмыс істеуде. Осылайша, ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылды.
Инсталляцияда 17 ТДМ-ның әрқайсысы үшін интерактивті форматта үш тілде өзектілігін, проблеманы және шешу жолдарын сипаттайтын элементтер бар. Арт-нысандар қазақстандық экодизайнер Әйгерім Ақенованың ("Айкен" студиясы) ТДМ қаржыландыру бойынша бірінші өңірлік саммиті үшін әзірленген болатын.
Іс-шара Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының Экономикалық зерттеулер институтымен бірге ынтымақтастығы аясында өткізіледі.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелері бойынша +77071389888 нөміріне хабарласуды сұраймыз.