ERI-де РФ басқарушы кадрлар резервінің жоғары
21.10.2021
ERI-де РФ басқарушы кадрлар резервінің жоғары деңгейдегі өкілдерімен кездесу өтті 20 қазанда Экономикалық зерттеулер институтының қабырғасында тағылымдама бағдарламасы шеңберінде Ресей Федерациясы басқарушы кадрлары резервінің жоғары деңгейдегі өкілдерімен кездесу өтті. Тағылымдама тақырыбы "Ұлттық мақсаттарға қол жеткізу мүддесінде адами капиталды дамыту". Институт қонақтары: С. В. Верещагин-Красноярск өлкесі Үкіметі төрағасының орынбасары. Е.В. Глимбовская - РФ Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сектордағы бюджеттік әдіснама және қаржылық есептілік департаменті директорының орынбасары. А.С. Козлов – Челябі облысы губернаторының орынбасары. Д.С. Осипов – "Автодор" мемлекеттік компаниясы Заң департаментінің директоры. В.В. Тимофеев – Карелия Республикасы басшысының орынбасары-Ресей Президенті жанындағы Карелия Республикасының Тұрақты өкілі.
_____ "Ұлттық мақсаттарға қол жеткізу мүддесінде адами капиталды дамыту" Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы басқарушы кадрлар резервінің жоғары деңгейдегі тағылымдама бағдарламасы 17-23 қазанда "Басқарушы кадрлар резервін даярлау және қайта даярлау" федералды бағдарламасы аясында өтеді. Тағылымдаманың мақсаты-ұлттық жобалар мен бағдарламаларды табысты іске асыру үшін ҚР мемлекеттік органдары қызметінің заманауи тәсілдері туралы тәжірибе алмасу және білім алу.
Қарау саны: 4948 |
|
|