National Economy: Monitor (044)
07.12.2021
NATIONAL ECONOMY: MONITOR (044) жаңа шығарылымы Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) "National Economy: Monitor" апталық талдамалылық электрондық журналының 44—ші шығарылымы шықты (29.11-5.12.2021 ж.). Жаңа дайджесттен оқыңыз:
Сарапшы пікірі: ОПЕК+ мұнай өндірісін ұлғайту жоспарын қысқартпау және коронавирустың жаңа штаммына қатысты алаңдаушылықты азайту туралы шешімін ескере отырып, нарықтағы мұнай бағасының қалпына келуін және барреліне 72-74 доллар деңгейіне оралуды күту керек.
— USA PMI mfg (ISM) қараша айында өсуде.
— Қараша айында China PMI mfg (NBS) индексі шекті мәннен жоғары. — Қараша айында Russia PMI Composite индексі қызметтер секторының түсуіне байланысты шекті деңгейден төмендеді. (Көбірек жаңалық - "Елдер" айдарында).
Еуроодақ: Ағымдағы жылғы қараша айының қорытындысы бойынша инфляцияның рекордтық деңгейіне қарамастан ЕОБ бұл құбылысты уақытша деп санайды, бірақ ұзаққа созылған және орта мерзімді перспективада ол 2% көрсеткішінен төмен болады. Реттеуші уақытша факторлардың әсері жұмсарып, содан кейін жойылады деп санайды. Алайда, қазіргі жағдайды бағалай отырып, әсіресе энергия бағасының өсуімен, Еуропадағы энергетикалық дағдарыс қысқы кезеңнің басталуымен одан әрі шиеленісіп, нашарлауы мүмкін. Ресей: Ағымдағы жылғы қараша айының қорытындысы бойынша қызметтер секторындағы іскерлік белсенділіктің қысқаруы ковидтік сырқаттанушылықтың жаңа жағдайларының қайта жандануына және ішінара шектеулердің белгіленуіне байланысты болды. Баға қысымының күшеюі сервистік экономиканың пайдасына да әсер еткен жоқ. Қазір коммерциялық банктердегі ставкалар тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отырғаны орынды болып отыр. Орталық Банктің кезекті желтоқсан айындағы негізгі мөлшерлемені көтеруінен кейін (+100 б.т. дейін) коммерциялық банктердің мөлшерлемелері одан да жоғары өседі. Бұл ретте банк депозиттеріне ақшаны қайтару процесі күшейеді және таяу перспективада бұл үрдістің баяулауы мүмкін емес. Жинақтау нормасының артуы реттеушінің ағымдағы басымдықтарының бірі болып табылады.
— Nasdaq 100 1,92% - ға төмендеді ("Акциялар"). — Британдық фунт 0,01% - ға өсті ("Валюталар"). — Brent маркалы мұнай барреліне 1,41 доллардан 71,29 долларға дейін өсті ("Шикізат тауарлары").
— АҚШ: қарашадағы іскерлік белсенділік және еңбек нарығындағы конъюнктура. — Еуроодақ: қараша айындағы инфляция, қазан айындағы жұмыссыздық, өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің бағасы, PMI mfg индексі. — Қытай: қарашадағы іскерлік белсенділік. — Ресей: апталық инфляция, қараша айында Russia PMI Composite индексі, рубль депозиттері бойынша мөлшерлемелер. Жедел ақпарат, әлемдік нарықтардың соңғы мәліметтері, макроэкономикалық болжамдар және ERI сарапшыларының пікірлері — экономика әлемінен ең маңызды, өзекті және қызықты жаңалықтар. "National Economy" талдамалық электрондық журналы 2021 жылдан бастап шектеулі пайдалану үшін екі форматта шығарылады: - апта сайын: "National Economy: Monitor" - ай сайын: "National Economy Report" Талдамалық дайджесттер Қазақстандағы және шетелдегі өзекті экономикалық проблемаларға арналған.
National Economy: Monitor бөлімдері:
Сондай-ақ оқыныз: National Economy: Monitor 042 National Economy: Monitor барлық шығарылымдары
Қарау саны: 5143 |
|
|