Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында
08.12.2021
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында ТДМ-на арналған экспозиция ашылды Бүгін, 8 желтоқсанда Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында тұрақты даму мақсаттарына арналған инсталляцияның (ТДМ) ресми ашылуы өтті. Іс-шара елдегі ТДМ-на қол жеткізу үшін барлық мүдделі серіктестердің күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Қазақстан 2030 жылға қарай ТДМ-на қол жеткізу бойынша өзінің алған міндеттемелеріне қол жеткізу үшін белсенді жұмыс істеуде. Экспозицияның ашылу салтанатына «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атынан ERI ғылым жөніндегі кеңесшісі, ҚазҰЖҒА академигі Булат Хусаинов қатысты.
Суретте: Болат Хусаинов оқушыларға ТДМ-ын суреттейтін арт-нысандар туралы әңгімелейді.
«Ең алдымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне, Ә.Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер мұражайының директоры Гульмира Кенжеболатовна Шалабаеваға, музей директорының орынбасары Алтынжан Сарсенбаевна Хожамуратоваға және сіздің қызметкерлеріңізге Әбілхан Қастеев атындағы музейде ТДМ инсталляцияларын орнатуға мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының командасына Қазақстанға тұрақты даму жолында іс-шараларды іске асыруға мүмкіндік беретін жан-жақты қолдау көрсеткені үшін рақмет айтқым келеді», - деп атап өтті Болат Хусаинов.
Суретте: Көрменің ашылу салтанаты. Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ көрме қызметі және сыртқы байланыстар жөніндегі директордың орынбасары Алтынжан Хожамуратова құттықтау сөз сөйледі.
2015 жылы БҰҰ-ға мүше мемлекеттер (оның ішінде ҚР) 2030 жылға дейінгі кезеңге тұрақты даму саласындағы Күн тәртібін қабылдағаны белгілі. Бұл ауқымды іс-қимыл жоспары планетамыздың барлық тұрғындарының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан жаһандық шешімдер қабылдау процесіне қатысушы ретінде ТДМ-ға қол жеткізу бойынша бірқатар халықаралық міндеттемелер алған. Ел 2030 жылға дейінгі Даму күн тәртібіне байланысты барлық негізгі халықаралық құжаттарға қосылған. Елде ТДМ-ды іске асыру және оған қол жеткізу процесі БҰҰ өкілдері тарапынан да, ҚР Үкіметі тарапынан да тұрақты мониторингте тұр. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейінгі Даму күн тәртібін іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру мақсатында ТДМ бойынша үйлестіру кеңесі құрылды. Үйлестіру кеңесіне сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін, ТДМ саласында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізетін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Хатшылықтың ролін атқарады. Институт БҰҰДБ-мен бірлесіп халықпен түрлі ақпараттық жұмыстар жүргізеді, аталған бағыттардың бірі -ТДМ арт-инсталляциясының мобильді көрмесін өткізу.
- 8-ТДМ-да экономика мәселелері көрсетілген: «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», 9-ТДМ: «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым», 10-ТДМ: «Теңсіздікті азайту», 12-ТДМ: «Жауапты тұтыну және өндіріс»; - 1-ТДМ әлеуметтік сипаттағы мәселелерден тұрады: «Кедейлікті жою», 2-ТДМ: «Аштықты жою», 3-ТДМ: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», 4-ТДМ: «Сапалы білім беру», 5-ТДМ: «Гендерлік теңдік», 7-ТДМ: «Қымбат емес және таза энергия», 11-ТДМ: «Тұрақты қалалар және елді мекендер», 16-ТДМ: «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар»; - 6-ТДМ-да экология мәселелері қамтылған: «Таза су және санитария», 13-ТДМ: «Климаттың өзгеруімен күрес», 14-ТДМ: «Теңіз экожүйелерін сақтау», 15-ТДМ: «Құрлық экожүйелерін сақтау». Қойылған барлық ТДМ инсталляцияларын БҰҰДБ тапсырысы бойынша «Айкен» студиясының қазақстандық дизайнерлері жасаған, олар кейіннен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Институтқа берілді. Инсталяцияның арт-объектілері біздің тарихымызбен және қазіргі заманның өзекті сын-тегеуріндерімен байланысты терең мағыналы. Мысалы, «Экономикалық әл-ауқат» бағыты бойынша 8-ТДМ атап өтуге болады: «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», ол жұмыс істейтін мүгедек әйел бейнеленген арт-объектімен ұсынылған. Осылайша, әр адамдың жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, физикалық шектеулеріне қарамастан, өзінің әл-ауқатын жақсартуға және «ешкім шетте қалмауы керек» қағидаты бойынша дамуға үлес қосуға мүмкіндігі болуы керек екендігі көрсетілген. «Әлеуметтік әл-ауқат» бағыты аясында 2-ТДМ-ны қарастыруға болады: «Аштықты жою», ол қиын кезеңдерде біздің халқымыздың төзімділігі мен бірлігін көрсетеді, тіпті құрт сияқты сүт өнімі көптеген лагерь тұтқындарының өмірін аштықтан құтқара алғанын көрсеткен. (Ескертпе: Күн астауында құртты ұсынып тұрған қолды көрсететін инсталляция 30-жылдары қазақтардың ерлік іс-әрекетін еске салады, адамдар өз балаларының өміріне қауіп төндіре отырып, аштан өлуге жол бермеу үшін А.Л.Ж.И.Р (Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері) лагеріндегі азап шеккен тұтқын әйелдерге құрт лақтырған.
«Экологиялық әл-ауқат» бағыты бойынша 6-ТДМ-ты бөліп көрсетуге болады: «Таза су және санитария», ол адамның 80% судан тұратынын білдіретін мөлдір түстес адамның мүсіні түрінде ұсынылған. «Су - планетаның басты ресурсы, өмір көзі. Біз барлығымыз осы ресурсқа ұқыпты қарауымыз керек, өйткені климаттың өзгеруі халықтың ауыз суға қол жеткізуіне теріс әсерін тигізеді. Сарапшылардың болжамдарына сәйкес 2040 жылға қарай Қазақстанда ауыз судың тапшылығы болжануда, бұл біздің экономикамызға кері әсерін тигізуі мүмкін», — деді академик Болат Хусаинов. Пандемияға, климаттың өзгеруіне, орман өрттері мен бүкіл әлемде болып жатқан су тасқынына байланысты жаһандық дағдарыс экономиканы тұрақты дамуға бағыттаудың маңыздылығын айқын көрсетеді. Жылдам әрі жақсы үйлестірілген қадамдардан басқа, қазіргі заманғы жағдайларда орнықты даму халықты неғұрлым кеңінен тартуды талап етеді. Сондықтан ұсынылған инсталляциялар адамдар үшін, соның ішінде жастар үшін көршілеріне көмектесу, денсаулықты сақтау, білім алу, адамдарға тең мүмкіндіктер беру және планетамыздың табиғаты мен шектеулі ресурстарына ұқыпты қарау қажеттігі туралы сигнал бола алады. Алматыда ТДМ инсталляциясының ашылуы тұрақты даму бағытындағы одан арғы қадамдар үшін жақсы бастама болып табылады. Ағымдағы жылы «Экономикалық зерттеулер институты» өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтеді және осы уақыт ішінде ол еліміздің тұрақты дамуына өз үлесін қосып келеді. _____ Бұған дейін тұрақты даму саласындағы мақсаттарға арналған экспозиция БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ мен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның ынтымақтастығы аясында Нұр-Сұлтанда «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ аумағында қойылған болатын.
Қарау саны: 5137 |
|
|