ERI Басқарма төрағасы

14.12.2021

ERI Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов "Құрмет" орденімен марапатталды

Қазақстан Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов "Құрмет" мемлекеттік орденімен марапатталды.

 

Руслан Сұлтанов Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің магистратурасын бітірген (Алматы). MBA International Business School-дың іскерлік әкімшілік саласындағы магистрі (2011) болып табылады.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің жетекші маманы ретінде бастап, онда кеден саясаты мәселелерімен айналысатын. 2003-2005 жылдар аралығында ҚР Қаржы министрлігінде кірістерді талдаумен айналысты.

2005 жылдан бастап ҚР Индустрия және сауда министрлігінде бөлім бастығы лауазымын атқарды, ішкі және сыртқы сауданы талдау және дамыту, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі саласында  жұмыс істеді. Сондай-ақ өндірушілер өкілдерімен келіссөз ұстанымын бірлесіп дайындау мәселелерінде мамандандырылды.

Кейіннен, 2006 жылдың соңынан бастап "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-да бірінші басшының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2008 жылдың желтоқсан айынан бастап "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Президенті болып сайланды. Осы ұйым шеңберінде Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз позициясын әзірлеуге талдамалық қолдау мәселелерімен айналысты.

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Шартты, сондай-ақ бірқатар салалық құжаттарды әзірлеуге белсенді қатысты.

2016 жылдың наурыз айынан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

Үш жыл бойы "ФармМедИндустрия" Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп өндірушілері қауымдастығының президенті қызметін атқарды.

2019 жылдың қазан айынан бастап ERI Басқарма төрағасы қызметін атқарады.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен және 3-дәрежелі "ЕАЭО құруға қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталған. Сондай-ақ Кеден одағын құруға қосқан үлесі үшін Кеден одағы комиссиясының жауапты хатшысы С.Глазьевтің грамотасына, Кеден одағын құруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің алғыс хатына, Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовтің алғыс хатына, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесіне қосқан үлесі үшін ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовтің алғыс хатына ие.

 

2021 жылдың желтоқсан айында Руслан Сұлтанов "Құрмет" орденімен марапатталды.

Мемлекеттік награда — "Құрмет" орденімен  экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытудағы еңбегі, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтар наградталады.


Сонымен бірге, ERI Басқарма төрағасы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтан "еліміздің көркеюіне қосқан үлесі" және "елдің әл-ауқатын арттыру бойынша маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешкені" үшін алғыс хат алды.

 

 

 



Қарау саны: 4912
Сақталған: 14.12.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!