ERI төрағалығымен

15.12.2021

14 желтоқсанда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) төрағалығымен ШЫҰ Экономикалық талдау орталықтары консорциумының сараптамалық тобының отырысы өтті.

ШЫҰ Консорциумының екінші отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 17 қыркүйектегі ШЫҰ саммиті барысында берген тапсырмасы бойынша макроэкономикалық үрдістерге талдау жүргізу үшін жалпы тәсілдер мен әдіснаманы әзірлеу үшін сарапшылар тобы құрылды.

 

Кеңес барысында сараптама тобының қатысушылары талдау үшін өз ұсынымдарын ұсынды, сондай-ақ  Консорциумның құрылымы мен 2022 жылғы өзара іс-қимыл тетігі жөніндегі мәселелерді талқылады.  

 

ERI Орталығының директоры Долорес Тюлебекова макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеуді, экспорттық позицияларды талдауды және ШЫҰ аясындағы экономикалық өсудің негізгі драйверлерін анықтауды ұсынды.

 

Сондай-ақ, қызықты ұсынысты Ресейдің Халықаралық экономика және қаржы институтының қызметкері Ольга Пономарева ұсынды. Оның ұсынысы ШЫҰ елдері келісетін көрсеткіштер тізбесі бойынша жаһандық және елдік деңгейдегі үрдістерге шолу жүргізу болып табылады. Сонымен қатар, ол осы үрдістердің алғышарттарын зерттеуді ұсынды.

 

Тәжікстанның өкілі Мавзуна Каримова макроүрдісті талдау талдамалық орталықтардың қызметімен байланысты екенін атап өтті. Алайда, қойылған міндет шеңберінде ШЫҰ-ның барлық елдері үшін басым салаларды бөліп көрсету қажет.

 

Барлық ұсыныстарды қорытындылай келе, доктор Рам Умпедра Дас (Үндістан) барлық қатысушыларды 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында келесі вебинарда аталған тақырып бойынша бірлескен зерттеулер мен тәсілдерді талқылауға шақырды.

 

Кеңес қорытындысы бойынша қазақстандық тарап зерттеу құрылымын және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын қалыптастыратыны туралы шешім қабылданды.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы ШЫҰ экономикалық талдау орталықтарының Консорциумына Қазақстан төрағалық етті, келесі 2022 жыл Қытайдың төрағалығымен өтеді.

 

_____


ШЫҰ консорциумы ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін құрылған консультациялық-сараптамалық алаң болып табылады. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары (Премьер-Министрлері) Кеңесінің 2019 жылғы 2 қарашадағы № "120" шешімімен ШЫҰ Экономикалық талдау орталықтары консорциумының регламенті бекітілді.

Ағымдағы жылы ШЫҰ Консорциумына Қазақстан Республикасы тарапынан Консорциумның мүшесі болып айқындалған Экономикалық зерттеулер институты төрағалық етеді.



Қарау саны: 4938
Сақталған: 23.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!