ERI қатысуымен
29.12.2021
ERI сарапшылары азық-түлік қауіпсіздігі бойынша семинар жұмысына қатысты28 желтоқсанда "Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру және Қазақстандағы ұлттық стейкхолдерлердің хабардар болу деңгейін арттыру" тақырыбында семинар өтті. Ұйымдастырушы: "Жасыл" экономика және G-Global-ды дамыту коалициясымен әріптестікте Қазақстандағы ФАО байланыс және әріптестік бюросы (бұдан әрі-ФАО).Семинар шеңберінде ФАО-ның "Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ-ды іске асырудың ағымдағы жағдайы" тақырыбындағы зерттеуінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ Қазақстанда ТДМ-ды ұлттандыру жөніндегі жол картасы ұсынылды.
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) атынан семинардың модераторы болған ERI Басқарушы директоры Бауыржан Мұқан және ТДМ жөніндегі Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар қатысты. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай, Қазақстандағы ФАО байланыс және әріптестік Бюросының бағдарламалар үйлестірушісі Жаңыл Бозаева, ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова құттықтау сөз сөйледі.
Суретте: семинарға қатысушылар Сарапшылар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы зерттеулердің қорытындылары туралы ақпаратпен бөлісті. ФАО-ның Орталық Азия елдеріндегі Субөңірлік өкілдігінің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі қызметкері Кейго Обара Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігінің проблемалары мен әлеуеті туралы айтты". ФАО-ның Қазақстандағы байланыс және серіктестік Бюросының аграрлық саясат жөніндегі аға сарапшысы Лилия Мусина ФАО-ның "Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ енгізудің ағымдағы жай-күйі" зерттеуінің негізгі қорытындыларын ұсынды. "Жасыл" экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов жоғарыда аталған жоба аясында әзірленген ҚР-дағы азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ТДМ ұлттандыру жөніндегі Жол картасын таныстырды. ҚР АШМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Сәуле Молдабаева ТДМ ұлттық индикаторларына қол жеткізу бойынша ведомствоның қабылданып жатқан және жоспарланып отырған шаралары туралы айтып берді. ҚР ЭГТРМ Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті директорының орынбасары Наталья Давлетьярова "Жер" ведомствоаралық жұмыс тобы аясында ТДМ іске асырудағы ілгерілеу туралы айтып берді. ERI басқарушы директоры Бауыржан Мұқан Қазақстанда ТДМ жүзеге асыру аясында азық-түлік қауіпсіздігінің кейбір мәселелері туралы өз пікірімен бөлісті.
Суретте (сол жақта): ERI Басқарушы директоры Бауыржан Мұқан Спикердің айтуынша, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ағымдағы проблемаларды бес шартты санатқа бөлуге болады: - өндірістік сипаттағы мәселелер, - өнімді өткізу мәселелері, - азық-түліктің физикалық қол жетімділігі мәселелері, - азық-түліктің экономикалық қол жетімділігі мәселелері, - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселелері. Сондай-ақ, сарапшы ТДМ жаһандық индексі және азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық индексі сияқты азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның ұстанымдарына қысқаша талдау жасады. Қорытындылай келе, ол ҚР-да азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша құжат әзірлеу мәселесін қарау қажеттігін атап өтті. Спикерлердің сөздерінен кейін қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты. Талқылау барысында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ТДМ статистика басқармасының басшысы Айнұр Досанова ТДМ ұлттық индикаторларымен жұмыс бойынша түсіндірме берді. Семинарды қорытындылай келе, Бақытгүл Хамбар азық-түлік қауіпсіздігі саласында ТДМ бойынша ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті, өйткені осы бағытта қойылған міндеттерге тиімді қол жеткізу тұрақты дамудың басқа да мақсаттарына байланысты.
Суретте (сол жақта): ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар Мәлімет үшін: ФАО ТДМ-ға (2, 5, 6, 12, 14 және 15) қол жеткізудің 21 көрсеткіші бойынша прогрессті мониторингтеу, әдіснамалық әзірлемені қамтамасыз ету және әлеуетті арттыруға қосатын үлеске жауап беретін, сондай-ақ тағы ТДМ (1, 2, 14,15) төрт индикаторы бойынша ынтымақтасушы мекеме болып табылады.
Қарау саны: 4605 |
|
|