Әлібек Қуантыров
12.01.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қаулысымен Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика министрінің лауазымына тағайындалды.Әлібек Сәкенұлы Қуантыров 1983 жылғы 14 қарашада Гурьев (Атырау) қаласында дүниеге келді.Білімі: 2005 және 2006 жылдары Томск мемлекеттік университетін Қаржы және кредит» және «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация», мамандықтары бойынша, 2010 жылы — Қолданбалы экономика магистрі дәрежесімен Мичиган университетін «Болашақ» стипендиясы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс, ағылшын, испан және неміс тілдерін біледі.
Еңбек қызметі: 2005 жылғы қыркүйектен 2006 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті, Халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы. 2006 жылғы ақпаннан 2010 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы. 2010 жылғы қараша – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық әзірлемелер басқармасының бастығы. 2010 жылғы қарашадан 2013 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті және Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары. 2013 жылғы ақпан-маусым аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары. 2013 жылғы маусым-2019 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2021 жылғы 25 ақпаннан 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.
Марапаттары: 2017 ж. — «Ерен еңбегі үшін» медалі.
Қарау саны: 4856 |
|
|