ҚР ҰЭМ басшысы Ә.Қуантыровтың
12.01.2022
Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 11 қаңтарда Парламент мәжілісінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің берген тапсырмаларын іске асыру бойынша ұсыныстарын ұсынды. Мемлекет басшысы өз сөзінде елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды кешенді жақсарту жөнінде тапсырма берді.
1. Халықтың табысын арттыру бағдарламасы бойынша Бағдарламаны қалыптастыру үшін мемлекеттік органдармен инфляцияны тежеу, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, азаматтардың жекелеген санаттарының еңбекақы деңгейін арттыру шараларын және басқа да іс-шараларды қамтитын мәселелерді пысықтау ұсынылады. 2. Бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету мәселесі бойынша Кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша Заңды іске асыру шеңберінде бүкіл мемлекеттік реттеу ауқымын толық қайта қарау жүргізілетін болады. 1) тау-кен секторынан қосымша түсімдер алу. Баға конъюнктурасына байланыстыра отырып, барлық қатты пайдалы қазбалар бойынша ПҚӨС қосымша мөлшерін есептеу тетігін белгілеу ұсынылады. 2) мұнай өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер тізбегінен маржаның бір бөлігін алып қою. 4. Инвестициялық тартымдылықты қалпына келтіру бойынша Министрлік ағымдағы жылдың ақпан айында 2025 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасын қабылдауды жоспарлап отыр. Оның шеңберінде инвестициялар тарту саясаты ESG, жаһандық энергетикалық және технологиялық көшу талаптарын ескере отырып қайта қаралатын болады. Министрлік мынадай ұсыныстарды пысықтауда: II. Орталық пен өңір арасындағы қарама-қарсы қаржы ағындарын азайту ұсынылады. Ұсынылған шараларды іске асыру үшін бюджет заңнамасына түзетулер топтамасы дайындалатын болады.
Бұл тәсілдер орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ұйымдармен пысықталады.
"Мемлекет басшысының қалған тапсырмалары бойынша ұсыныстар мұқият пысықталып, жақын арада қосымша ұсынылатын болады", — деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.
Қарау саны: 4504 |
|
|