Елде туу көрсеткіші өсуде
20.01.2022
ЕЛДЕ ТУУ КӨРСЕТКІШІ ӨСУДЕ 2020 жыл өткен жылдармен салыстырғанда елде туу деңгейінің күрт өсуімен ерекшеленді. 2020 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,8 тууды құрады, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 1000 адамға 21,7 тууды құрады. 2021 жылдың қорытындылары бойынша статистикалық деректер әлі жарияланбағанына қарамастан, 2021 жылғы 11 ай (қаңтар-қараша) бойынша қорытынды жасауға болады. 2020 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін елімізде 386 886 бала, ал 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 413 025 бала дүниеге келді. Тиісінше, елде туудың жалпы коэффициенті бақыланатын кезеңде 1000 адамға 22,5-тен 1000 адамға 23,8-ге дейін өсті (1-сурет). Коэффициенттің мәні Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа еліміздің өңірлерінде де жоғарылады. Бала туу деңгейі жоғары өңірлерде: Шымкент қаласында, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында ең жоғары өсім болды. Экономикалық және демографиялық өсу теңгерімі әлемнің кез келген елінде өте маңызды. Қазіргі уақытта туу деңгейі төмен елдерде жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады. Бұл елдердегі жұмыс күшіне сұраныстың еңбек ұсынысынан асып кетуі елден тыс еңбекші көшіп қонушылармен өтеледі. Басқа этностардың көші-қон ағыны, түп этностың туу деңгейінің төмендігі ел халқының этникалық құрылымының өзгеруіне алып келеді (үшінші демографиялық ауысу теориясы) . Қазақстанда, керісінше, бала туу деңгейінің өсуі, әсіресе оның жекелеген өңірлерінде қосымша жұмыс орындарын талап етуі мүмкін. Ел халқының жас мөлшерін жылжытудың қарапайым әдісімен проекция нәтижесінде (өлім мен көші-қон көрсеткіштерін есепке алмағанда) жаңа жұмыс орындарын қажет ететін адамдардың саны 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейін жыл сайын ұлғаятыны анықталды (2-сурет). Өсім 2000 жылдан кейін туылған адамдардың еңбек нарығына енуіне байланысты («бэби-бум» ұрпағы). Бала туудың ағымдағы өсу қарқынын ескере отырып, перспективада еңбек нарығына кіретіндердің саны да өсетін болады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев ағымдағы жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде атап өткендей туу деңгейі жоғары еліміздің батыс және оңтүстік өңірлеріндегі экономиканың өсуіне баса назар аудару ұлттық басымдық болуға тиіс .
Қарау саны: 6363 |
|
|