Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша

25.01.2022

Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заң жобасы «ашық нқа» порталында орналастырылды

Қазіргі уақытта Қазақстанда орталық (ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда) және жергілікті атқарушы органдардағы жалпы штат саны шамамен 88 мың бірлікті құрайды. Оның ішінде орталық атқарушы органдарда 47 мың бірлік  (ІІМ, Қорғанысмині, ҰҚК және ҚР МКҚ қоспағанда) және жергілікті атқарушы органдарда 41 мың бірлік.

Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру және осы мақсат үшін қажетті шаралар қабылдау туралы мәселені бірнеше рет көтерді. 

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрініс тапқан: «ең алдымен адамдар»«адаморталық» моделін құру. Осы Тұжырымдамаға сәйкес бүгінгі күні бүкіл әлем турбуленттілік, өсіп келе жатқан құбылмалылық, әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудың белгісіздігі дәуіріне аяқ басты.

Елдердің ауқымды сын-қатерлерді еңсеру барысында мемлекетке деген қоғамдық сенім, оның өзгерістерге дайындығы мәселесі ерекше маңызға ие болуда. Неғұрлым тиімді мемлекеттік басқаруға сұраныс тұрақты қалыптасуда.

ҚР МҚІА мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі, ол «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

Заң жобасының негізгі нормаларының бірі мемлекеттік қызметшілердің жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келісімімен жұмыстан бос уақытта кәсіпкерліктен басқа, қосымша ақы төленетін қызметпен айналысу мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ, заң жобасында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қосымша қызметі лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтірмеуге; мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соқпауға; мемлекеттік қызметке кір келтірмеуге және (немесе) мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп стандарттарын бұзбауға; мемлекеттік мүлікті пайдалануға жол бермеуге тиіс екендігі туралы нақтылау енгізіледі. Осылайша, осы норманы іске асыру тиісті адамдардың кірісін арттыруы мүмкін, алайда қосымша қызмет мемлекеттік қызметшілердің шамадан тыс жүктемесіне әкеп соқтырмауы тиіс, өйткені ол мемлекеттік қызмет атқаруға теріс әсер етуі мүмкін.

Заң жобасында сондай-ақ мемлекеттік бастамаларды, ұлттық және салалық жобаларды іске асыру кезеңінде келісімшарттық қызметшіні қызметті уақытша келісімшарттық негізде жүзеге асыру үшін тарту мүмкіндігі көзделеді. Демек, заң жобасының нормасын тиімді іске асыру мемлекеттік бастамалар мен салалық жобаларды іске асыру кезеңінде арнайы білімі бар кәсіпқойларды тартуға мүмкіндік береді, бұл нәтижесінде мемлекеттік органдардың жұмысын бағалауға оң әсерін тигізуі мүмкін.

Заң жобасында уәкілетті органның мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын регламенттеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті енгізіледі. Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты бойынша белгілі бір арақатынастың болмауы басшылар мен орындаушылар санының теңгерімсіздігіне әкеп соғады. Сонымен, кейбір мемлекеттік органдарда бір басшыға орта есеппен 1-2 орындаушыдан келеді, ал кейбір мемлекеттік органдарда менеджерлер саны орындаушылар санынан асып түседі. Демек, заң жобасында енгізілетін жаңашылдық әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің басшылық және атқарушылық құрамының арақатынасын айқындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, заң жобасында басқа да нормалар қарастырылған:

1)  уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа жұмыс уақыты режимін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасау мүмкіндігі;


2)  мемлекеттік қызметшіні нақ сол бір ерекшелігі үшін көтермелеу түрлерінің біреуімен ғана және нақты сіңірген еңбегін көрсете отырып, бір рет қана көтермелеу;


3)  мемлекеттік лауазымға орналасу үшін тілдерді меңгеру деңгейі жөніндегі талапты «біліктілік талаптары» ұғымына енгізу;


4)  мемлекеттік қызметшінің оны оқуға жіберген мемлекеттік органда еңбекпен өтеу жөніндегі міндеттемесін алып тастау, бұл басқа мемлекеттік органдарда еңбекпен өтеу мүмкіндігін көздейді.

Құжаттың толық мәтінімен «Ашық НҚА» сайтында танысуға болады. Құжат 2022 жылдың 28 қаңтарына дейін көпшілік талқылауында.



Қарау саны: 4445
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!