ERI ҚАА-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

21.10.2021

Бүгін, 21 қазанда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 

 

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" қауымдастығы түрінде ЗТБ президенті Бану Нұрғазиевамен меморандум жасасты.

 

Тараптар тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) ілгерілету және бірлескен іс-шаралар өткізу саласында ынтымақтасуға ниеттенеді. 

 

Өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарына ғылыми және талдамалық зерттеулер жүргізу, білім, құзыреттілік және табысты тәжірибе алмасу, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да секторлармен әріптестік байланыстарды дамытуға жәрдемдесу, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жатады.

 

Экономикалық зерттеулер институты мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы жергілікті және халықаралық деңгейде өзара қолдау және Қазақстанда ТДМ іске асыру туралы бірлескен баяндама дайындау туралы келісті.

 

Қол қойылған құжат өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге және тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету саласындағы бірлескен іс-қимылдарды одан әрі жүзеге асыруға ықпал ететін болады.

 

"Қазақстанның Азаматтық Альянсы" қауымдастық нысанындағы ЗТБ - бүкіл ел бойынша 3000-нан астам коммерциялық емес ұйымдарды қамтитын неғұрлым ірі республикалық бірлестіктердің бірі екенін атап өткен жөн. 


Альянс 2005 жылы Елбасының бастамасымен құрылған. Басты миссиясы-Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту. 

 

Қараша айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстанның X Азаматтық форумы өтеді. Оған Экономикалық зерттеулер институтының Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылығы белсенді қатысады. 

 

 



Қарау саны: 4155
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!