ШЫҰ консорциумы

18.01.2022

18 қаңтарда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Экономикалық талдау орталықтары консорциумы сарапшыларының кезекті онлайн кездесуі өтті.

Кеңесте тараптар "Макроүрдістерді талдау, жүйелі шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар әзірлей отырып, тәуекелдерді бағалау" зерттеулерін дайындауға негізделген Консорциумның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.


Зерттеу шеңберінде жаһандық әлемдік үрдістер қаралады және ШЫҰ-ға қатысушы елдердің макроэкономикалық жағдайына жалпы талдау жүргізіледі.


Бұл зерттеу ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық жүйелерінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тұтастай және оның жекелеген элементтері деңгейінде макроэкономикалық саясатты үйлестіруді күшейту тетіктерін айқындауға бағытталған. 

 

Бұдан басқа, ШЫҰ ынтымақтастығы шеңберінде қатысушы елдерді дамытудың жалпы әлеуеті мен векторлары ретінде: ашықтық саясатын қолдау, дәстүрлі және баламалы энергетиканы дамыту, цифрлық экономика және т. б. атап көрсетілді.


ШЫҰ консорциумы ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін құрылған консультациялық-сараптама алаңы болып табылады. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары (Премьер-Министрлері) Кеңесінің 2019 жылғы 2 қарашадағы № "120" шешімімен ШЫҰ Экономикалық талдау орталықтары консорциумының регламенті бекітілді.

 



Қарау саны: 4255
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!