«ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»

07.02.2022

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ «АШЫҚ НҚА» ПОРТАЛЫНДА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

 

Қазақстанда жылдан жылға жеке тұлғалар қарызының жиынтық өсімі байқалады, деп хабарлайды ERI сарапшылары.

Мәселен, соңғы 5 жылда Қазақстанда жеке тұлғалардың кредиттер портфелінің 2 еседен астам ұлғаюы байқалады:

  • 2018 жылғы 1 қаңтарға – 4,3 трлн теңге;
  • 2019 жылғы 1 қаңтарға - 5,0 трлн теңге;
  • 2020 жылдың 1 қаңтарына - 6,3 трлн теңге;
  • 2021 жылғы 1 желтоқсанға – 9,8 трлн теңге.

Сонымен бірге, азаматтардың материалдық жағдайының нашарлауы нәтижесінде борышкерлердің кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындауы бойынша проблема күрделене түсуде.

Мәселен, соңғы 5 жылдың серпінінде жеке тұлғалардың 90 күннен астам мерзімі өткен берешегінің сомасы:

  • 2018 жылғы 1 қаңтарға-414,5 млрд теңге (жеке тұлғалардың несие портфелінің 9,6% - ы);
  • 2019 жылғы 1 қаңтарға-410,2 млрд теңге (8,2%);
  • 2020 жылдың 1 қаңтарына – 408,2 млрд теңге (6,5%);
  • 2021 жылғы 1 қаңтарға – 454,0 млрд теңге (6,2%);
  • 2021 жылдың 1 желтоқсанына – 422,0 млрд теңге (4,3%).

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жыл сайын қаржы ұйымдарының қызметіне, оның ішінде проблемалық қарыз алушылардан берешекті қайта құрылымдау және есептен шығару туралы өтініштермен шамамен 6 мың өтініш/шағым түседі.


Осы проблеманы шешу үшін ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысы «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңды әзірлеу жөнінде тапсырма берді.


Осы тапсырманы орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын әзірледі, ол «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылған.


Заң жобасының негізгі нормалары жеке тұлғалар үшін төмендегідей рәсімдер көзделген 3 балама шешімнен тұратын жеке тұлғалардың берешегін құқықтық реттеуден тұрады:

— соттан тыс банкроттық;

— төлем қабілеттілігін қалпына келтіру;

— сот банкроттығы.


Заң жобасында жоғарыда аталған рәсімдерді қолдану бойынша нақтылаулар енгізіледі.


Атап айтқанда, соттан тыс банкроттық рәсімі берешек сомасы 1600 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде болатын жеке тұлғалар үшін қолданылатын болады. Берешек сомасы осы мөлшерден жоғары болатын жеке тұлғалар үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығы рәсімдері қолданылатын болады.


Сонымен қатар, жоғарыда аталған рәсімдер аяқталғаннан кейін борышкерлер борыш сомасына қарамастан міндеттемелер қабылдайтынын атап өткен жөн, оларға сәйкес:


—  5 жыл ішінде тұлға қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктерді беру бойынша мәмілелер жасай алмайды (мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын қарыздар алу жөніндегі мәмілелерді қоспағанда);

—  3 жыл бойы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыға алмайды (емдеу жүргізу, жақын туысын емдеуге алып жүру және жақын туысын Қазақстан Республикасынан тыс жерде жерлеу қажет болған жағдайларды қоспағанда). 


Бұдан басқа, заң жобасында шектеу енгізіледі, оған сәйкес борышкер 7 жыл өткеннен кейін осы рәсімдерді қайта пайдалана алмайды.


Осы нормаларды іске асыру және қолданыстағы заңнаманы сәйкестендіру үшін ҚР ҚМ МКК Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, ҚР Салық кодексіне және Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу үшін 3 ілеспе заң жобасын әзірледі.


Құжаттың (негізгі заң жобасының) толық мәтінімен «Ашық НҚА» сайтында танысуға болады (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13983794). Құжат 2022 жылдың 23 ақпанына дейін жария талқылауында.




Қарау саны: 4473
Сақталған: 08.02.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!