ҚР – да "Ауыл-Ел бесігі" аясында 3,6 мың

08.02.2022

2019 жылы "Ауыл – Ел бесігі" ауылдық жердегі инфрақұрылымды жаңғырту жобасын іске асыру басталды, онда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жобаларынан басқа, ауылдардың өз ішіндегі автожолдарды жөндеу көзделген.  

2019-2021 жылдары 2 650 жобаның 63% - ы (1 658 жоба) кентішілік жолдарды жөндеуге және қайта құруға бағытталды.

Жолдарды салу және жөндеу бойынша жобалардың басым бөлігі Түркістан (637), Жамбыл (209), Қызылорда (125) және Павлодар (118) облыстарында жүзеге асырылды.

1-сурет. 2019-2021 жылдарға арналған "Ауыл-Ел бесігі" шеңберінде жолдарды жөндеу жөніндегі жобалар, бірл.

 

Жобалардың ең аз саны Атырау облысында (14), СҚО-да (37) және БҚО-да (38) байқалады.

 

Қазақстандағы кентішілік жолдардың жалпы ұзындығы-56 мың км, оның ішінде қанағаттанарлықсыз жағдайда-19,6 мың км немесе 35% (2021 жылдың басына).

 

3 жыл ішінде "Ауыл – Ел бесігі" жобасы шеңберінде 3 655 км кентішілік жолдар құрылыспен, реконструкциялаумен және жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

 

Өңірлік бөліністе жөнделген жолдардың ең көп ұзындығы Түркістан облысында – 936 км, Жамбыл облысында – 337 км және Ақмола облысында – 292 км байқалады.


Жөнделген жолдардың ең аз ұзындығы Ақтөбе (96 км), Қостанай (113 км) облыстарында және БҚО (121 км) байқалады.

2019-2021 жылдары кентішілік жолдарға 99,6 млрд теңге бөлінді. "Ауыл – Ел бесігі" жобасын қаржыландырудың жалпы көлемінен кентішілік жолдарды қаржыландыру үлесі (241,7 млрд теңге) — 41,2%.

 

1-кесте. 2019-2021 жылдардағы "Ауыл-Ел бесігі" шеңберінде жөнделген жолдардың ұзындығы, км

 

2019ж.

2020ж.

2021ж.

Жиыны

Ақмола облысы

38

80

174

292

Ақтөбе облысы

11

30

56

96

Алматы облысы

68

91

68

227

Атырау облысы

10

40

81

131

Шығыс Қазақстан облысы

30

91

156

277

Жамбыл облысы

53

138

146

337

Батыс Қазақстан облысы

8

46

67

121

Қарағанды облысы

24

80

119

223

Қостанай облысы

22

62

28

113

Қызылорда облысы

28

79

83

189

Маңғыстау облысы

42

111

101

255

Павлодар облысы

42

78

93

213

Солтүстік Қазақстан облысы

20

87

138

245

Түркістан облысы

113

449

373

936

Барлығы

509

1 462

1 685

3 655


ҚР көлік инфрақұрылымының негізгі проблемалары-жергілікті және кентішілік жолдар сапасының төмендігі, соның салдарынан елді мекендер байланысының жеткіліксіздігі, деп атап өтті "Экономикалық зерттеулер институты" (ERI) АҚ сарапшысы Айтжан Мейрембаев.

 "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту есебінен ауылдағы өмір сапасын жақсарту міндетін шешуге, оны Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізуге бағытталған", — деп түйіндеді сарапшы.




Қарау саны: 4350
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!