ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарының талдамалық баяндамасын
16.02.2022
ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының талдамалық баяндамасын ілгерілету бойынша елдер делегаттарының консультативтік кеңестері 2022 жылғы 19 қаңтар-8 ақпан аралығында өтті 2022 жылғы 19 қаңтарда, 1 ақпанда және 8 ақпанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Хатшылығы мүдделі елдердің өкілдерімен ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының талдамалық баяндамасын ілгерілету бойынша консультативтік кеңестер өткізді. Кеңестер ЭЫДҰ бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Кристин Кауфманн мен ЭЫДҰ бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі орталығының басшысы Алан Йоргенсеннің төрағалығымен өтті. Кеңестерге 70-тен астам қатысушы қосылды: ЭЫДҰ-ның лауазымды тұлғалары, АҚШ, Франция, Англия, Норвегия, Жапония, Швейцария, Германия, Чили, Канада және әлемнің басқа да елдерінің ұлттық байланыс орталықтарының өкілдері. Қатысушылар жиналыстарда көтерілген мәселелер бойынша өз ұстанымдарын белсенді түрде білдірді. Қазақстан тарапынан кеңестерге Ұлттық байланыс орталығының қазақстандық офисінің ("Экономикалық зерттеулер институты" АҚ) өкілдері қатысты. Консультативтік кеңестер бейнеконференция байланысы форматында үш күн өтті: 1. I семинар (19 қаңтар) "Мәселелер мен сұрақтарды талқылау". 2. II семинар (1 ақпан) "Институттарды талқылау". 3. III семинар (8 ақпан) "Енгізілуін талқылау".
19 қаңтарда ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының талдамалық баяндамасында көтерілген мәселелер белгіленді. Семинарға қосылған барлық қатысушыларға нақты уақыт режимінде онлайн-сауалнамаларға қатысу мүмкіндігі берілді, олардың нәтижелері бойынша қатысушылар әлеуетті сценарийді (саяси мәлімдеме, бар ұсынымдарды нақтылау, жаңа ұсынымдар) таңдауды белсенді талқылады. 1 ақпанда ықтимал сценарийлердің болжамды артықшылықтары, орындылығы және салыстырмалы артықшылығы нақты мысалдармен талқыланды. Сонымен қатар, әлемдегі Ұлттық байланыс орталықтарының мәселелері кеңінен қозғалды: өкілеттіктер, функционалды эквиваленттілік, процедуралық үйлесімділік және басқа да мәселелер. Семинарға қатысушылар дауыс беруге қатысып, баяндамада көтерілген аспектілерге қатысты өз пікірлерін білдірді. 8 ақпанда ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттары неғұрлым кең мәнмәтінде қаралды, экожүйе ұғымы, баяндаманың негізгі мүмкіндіктері мен жетістіктері ашылды, сондай-ақ баяндамада белгіленген нақты мәселелер бойынша іс-қимылдардың ықтимал нұсқаларына шолу жасалды.
Қорытындылай келе, Кристин Кауфман Ұлттық байланыс орталықтарын және ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарын ілгерілету қажеттілігін атап өтті.
Қарау саны: 4070 |
|
|