Еңбекке қабілетті жастағы халықтың көші-қоны
22.02.2022
Еңбекке қабілетті жастағы көшіп кетушілер саны тағы да өсуде2014 жылдан бастап Қазақстанда еңбекке қабілетті жастағы халықтың көші-қонында теріс сальдо байқалады, деп хабарлайды "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшысы Шынар Төлешова. Оның айтуынша, COVID-19 пандемиясы және онымен байланысты карантиндік шаралар көшіп кетушілер санының өсу қарқынын едәуір төмендетті (диаграмманы қараңыз). Бірақ 2021 жылдың қаңтар—желтоқсан айларындағы алдын ала деректер елден кетушілер санының өсуін көрсетеді. 1-сурет. Еңбекке қабілетті жастағы халықтың сыртқы көші-қоны, адам Дереккөзі: ҚР СЖЖРА Ұлттық статистика бюросы Өңірлік бөліністе еңбекке қабілетті жастағы көшіп кетушілердің елеулі үлесі солтүстік, орталық өңірлерге, Шығыс Қазақстан мен Алматыға тиесілі (кестені қараңыз). "Бұл осы өңірлерде басым болған еуропалық этностардың бірнеше жылдан бері тарихи отанына оралуына байланысты", — деп түсіндіреді сарапшы. Бұл ретте, түп этностың еңбекке қабілетті жастағы көшіп кетушілердің жалпы санындағы үлесі 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 4,8% - дан 2021 жылғы ұқсас кезеңде 5,5% - ға дейін өскенін атап өту қажет.
1-кесте. Өңірлер бөлінісінде еңбекке қабілетті жастағы көшіп кетушілердің үлесі, %-бен қаңтар-желтоқсан, 2020 қаңтар-желтоқсан, 2021 Ақмола 6,6 6,2 Ақтөбе 5,6 6,1 Алматы 4,0 4,2 Атырау 0,9 0,9 Батыс Қазақстан 3,8 3,1 Жамбыл 3,2 3,6 Қарағанды 13,9 14,0 Қостанай 12,0 10,6 Қызылорда 0,2 0,2 Маңғыстау 0,9 1,6 Павлодар 10,9 10,7 Солтүстік Қазақстан 8,2 7,7 Түркістан 0,8 0,9 Шығыс Қазақстан 14,0 13,1 Нұр-Сұлтан қ. 4,7 5,2 Алматы қ. 8,6 10,0 Шымкент қ. 1,8 1,9 Дереккөзі: Деректер негізінде автордың жеке есептеулері ҚР СЖЖРА Ұлттық статистика бюросы "Жалпы, ел үшін көшіп кетудің салдарын сандық және сапалық тұрғыдан қарастыруға болады. Бала туу жасындағы халықтың балалармен кетуі-ел халқының өсу қарқынының төмендеу факторларының бірі. Тағы бір мәселе – көшіп кетушілер мен көшіп келушілер сапалық құрамының салыстырмалылығы", — деп қорытындылады ERI сарапшысы.
Қарау саны: 4827 |
|
|