2021 жылы тікелей инвестициялар нарығы

09.02.2022

2021 жылы тікелей инвестициялар нарығы ковидке дейінгі деңгейден жоғары

fDi Markets және UNCTAD деректері бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жаһандық ағындары 2021 жылы бағалау бойынша 77% - ға 2020 жылы $929 млрд-тан $1,65 трлн-ға дейін ұлғайып, айтарлықтай өрлеу көрсетті, деп атап өтті "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшысы Ернар Серік.

 ТШИ көрсеткіші 2021 жылы 2019 жылдың ковидке дейінгі деңгейінен ($1,5 трлн) асып түсті.

  • Әлемдік инвестициялардың ең көп өсуі дамыған елдерде байқалды. 2021 жылы дамыған елдерге ТШИ көлемі $777 млрд жетуі мүмкін, бұл 2020 жылғы инвестициялардың өте төмен деңгейінен 3 есе артық. Еуропада инвестициялар өсімінің 80% - дан астамы шеткері елдердегі капитал салымдары ағынының өсуіне байланысты болды. Сондай-ақ, трансшекаралық бірігу мен жұтылудың (M&A) өсуі есебінен АҚШ-қа ТШИ ағынының екі еседен астам ұлғаюы күтілуде.
  • Дамушы елдерге ТШИ ағыны 30% - ға ұлғайды және $870 млрд жуық құрады. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ТШИ өсімі 20% ($542 млрд дейін) құрады. Орталық Азияда ТШИ күтілетін өсімі — 59%, бұл ретте көлемі төмен деңгейде — шамамен $10 млрд.
  • Жаһандық ТШИ-дің салалық құрылымында жоғары сұраныс пен жеткізілімдердің жеткіліксіз деңгейі 2021 жылы микросхемалар өндірісі бойынша жаңа қуаттарға инвестициялардың бұрын-соңды болмаған көлемін ынталандырды. Бұл ретте мұнай мен газ алғашқы он сектордан-тікелей шетелдік инвестицияларды алушылардан шығып қалды.
  • Қараша айында Samsung Electronics компаниясы 2021 жылы ең ірі ТШИ жобасын жариялады, ол кезде жаңа микросхема зауытына $17 млрд инвестиция ұсынды. Тайваньдық TSMC және американдық Intel Жапонияда 7,1 миллиард доллар және Малайзияда 7 миллиард доллар тұратын жобаларды жариялады. Жалпы, fDi Markets деректері бойынша жартылай өткізгіш секторға ТШИ көлемі 2021 жылы рекордтық $56,6 млрд жетті (2020 жылмен салыстырғанда+271,3%).
  • Тек жаңартылатын энергетика секторы мен коммуникация секторы жартылай өткізгіштерге қарағанда ТШИ-ді көбірек тартты. ЖЭК секторы үшінші жыл қатарынан пандемия энергетикалық ауысуды жеделдеткендіктен ТШИ-дің ең ірі алушысы атағын растайды. 2021 жылы ЖЭК секторы шамамен $80 млрд ТШИ тартты, бұл 2020 жылға қарағанда 8% - ға аз. Коммуникация саласындағы шетелдік инвестициялар көлемі $64,4 млрд құрады, цифрлық бум бұлтты инфрақұрылымға ірі инвестициялық жобалар туралы жариялаған Amazon, Huawei, Cloudfare және Alphabet үшін жол ашты.
  •  2021 жыл сутегі жылы болды. Шетелдік инвесторлар жасыл сутегі өндірісі және басқа да байланысты қызметтер саласында құны $29,7 млрд болатын 100-ден астам жобаны жариялады.
  • Мұнай-газ саласындағы инвестициялық ағындар жедел қарқынмен қысқаруда. 2021 жылы бұл сектор бар болғаны $16,2 млрд тартты, бұл 2020 жылғы көрсеткіштерден үш есе төмен (47,6 млрд USD).


Қарау саны: 4136
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!