Халықтың табысын мемлекеттік қолдау шаралары туралы

19.08.2020

Экономикадағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезеңінде мемлекет жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында трансферттерді көбейтеді. Осылайша, пандемия кезеңінде Қазақстанда әлеуметтік трансферттер (зейнетақы, жәрдемақы, тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмек) ұлғайтылды, олардың табыс құрылымындағы үлесі 2020 жылдың 1 тоқсанында 27,8% - ға дейін өсті, деп хабарлайды Экономикалық зерттеулер институтының Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығы директорының орынбасары Шыңғыс Шүнеев.

Көріп отырғанымыздай, елдің дағдарысқа қарсы саясаты халықтың табысын қолдау тұрғысынан да өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. 

Талдау 2020 жылғы 1-тоқсанда әлеуметтік трансферттердің үлесі 2019 жылғы 4 тоқсанмен салыстырғанда 4% - ға (23,8%) өскенін көрсетеді. Сарапшының айтуынша, 2020 жылы әлеуметтік трансферттер үлесінің өсуі карантин енгізілуіне байланысты табыстың жоғалуы салдарынан әлеуметтік көмекке жүгінулер санының өсуіне байланысты болды.

Шүнеев бүгінгі таңда 6,7 млн адам 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алғанын еске салды. Әлеуметтік төлемдер арасында зейнетақы айтарлықтай үлеске ие, ол жыл басынан 23,6% - ға дейін өсті. Сондай-ақ, ағымдағы жылы зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылар индекстелді. 2,2 млн.астам зейнеткер үшін ынтымақты зейнетақы 12% – ға, базалық зейнетақы 10% - ға өсті. 1,8 млн. астам адам үшін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 10% - ға ұлғайды.


Қарау саны: 6075
Сақталған: 06.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!